- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Еуропаның 33 мемлекеті...
Еуропаның 33 мемлекеті арасында ең арзан дизель отыны Қазақстанда сатылады - рейтинг
Еуропаның 33 мемлекеті арасында ең арзан дизель отыны Қазақстанда сатылады, - деп хабарлайды РИА Новости.
2015 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мәліметтерді жинақтаған рейтингке сәйкес, ең қымбат дизель отыны Ұлыбританияда сатылады - литрі 106,5 рубль (349,4 теңге). Одан кейінгі орында Италия мен Швеция тұр. Қазақстан рейтингтің төменгі сатысында. Сарапшылардың мәліметінше, дизель отыны мұнда 95,1 теңгеден сатылады. Ресейде - 34,6 рубль (113,5 теңге), ал Беларусьте - 45,1 рубль (148 теңге).
Еуропаның 33 мемлекетінің арасында ең қымбат бензиннің Нидерландыда екені анықталды - 103,9 рубль (340,9 теңге). Алғашқы бестікте Ұлыбритания мен Дания бар. Рейтингтің ең төменгі сатыларына Кедендік Одаққа мүше елдер жайғасты, яғни оларда бензин ең төменгі бағамен сатылады. Қазақстан 32-орында, елімізде АИ-95 бензинінің әр литрі 2015 жылдың маусым айынан бері 39,2 рубльден (128,6 теңге) сатылады. Рейтингтің ең соңғы орнында Ресей тұр - 35,7 рубль (117,1 теңге).
Айта кетейік, еуропалық елдердің арасында бірінші жартыжылдықта Украинада бензин күрт қымбаттады. Баға бірден 21 пайызға көтерілді. Сонымен қатар, баға 19,7 пайызға Хорватияда, Люксембургте, Дания мен Ұлыбританияда артты.
М. Бисембаева