- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада тәулігіне 1000...
Астанада тәулігіне 1000 нәресте дүниеге келеді
Қазақстан бойынша тәулігіне 18 мың адам жедел жәрдем көмегіне жүгінсе, тек Астанада 24 сағат ішінде 2000-нан аса операция жасалып, дәрігерлер көмегімен 1000 нәресте дүниеге келетінін жазды www.khabar.kz сайты.
Мұндай статистиканы бүгін еліміздің Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бірінші орынбасары Салидат Қайырбекова келтірді.
Вице-министр осындай қажырлы еңбектерімен халыққа қызмет етіп жүрген ақ халатты жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Аталмыш ведомство басшылары мен әкімдік өкілдері бүгін өз ісінде ерекше көзге түскен дәрігерлерді «Ең үздік медицина саласының қызметкері» атағымен марапаттады.
№7 қалалық аурухананың терапевт-дәрігері Жаннат Мұқышева: "Еңбегімді бағалағанына өте қуаныштымын. Өз ұжымыма, №7 қалалық емхана дәрігерлеріне алғыс айтамын. Бүгінгі медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймын. Біздің жұмыс өте ауыр. Бір жағынан осылай марапатталып жатқанымызға қуаныштымыз",- деп ағынан жарылды.
Е. Жұмабайұлы