- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жедел жәрдем көлігін...
Жедел жәрдем көлігін өткізбейтін жүргізушілер ұсталды
Медицина қызметкерлерінің көлігін өткізбейтін жүргізушілер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Рейд барысында полицейлер 68 жүргізушіні ұстап, 10 АЕК яғни 20.000 теңге көлемінде айыппұл салды. Екінші рет ұсталған жағдайда жүргізушілер 30.000 теңге көлемінде айыппұл төлейді. Ал үшінші ретте мүлде көлік жүргізу құқығынан айырылып, қайтадан емтихан тапсыруларына тура келеді.
Алматы қаласында ереже бұзушыларды анықтап, ұстау мақсатында науқасы жоқ медицина көлігі көше бойымен көгілдір-қызыл шамдарын қосып өтті. Маршрут бойынша бірнеше жол полиция көліктері тұрды. Жедел жәрдем көлігінің ішінде полиция қызметкері отырып, жол бермеген көліктер туралы рация арқылы хабарлап отырды.
Қалалық ІІД қызметкелері мұндай «рейдтің» жиі болып тұратынын ескертті. Себебі ағымдағы жылдың басынан жедел жәрдем 50-ден астам адам өмірін құтқаруға үлгермей қалды. Және оның бәрі жол апатынан қайтыс болған адамдар.
Расында да үлкен қалаларда көлік кептелісінің, жүргізушілердің жедел жәрдемге жол бермеуінен қанша адам өмірі қиылды. Сол себепті полиция, медицина, өрт сөндіру көліктеріне жол беріп жүргейсіз!
Ф. Абилова