- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- СТВ арнасы "Шоқан...
СТВ арнасы "Шоқан Уәлихановтың керуен жолы бойымен" деректі фильмін көрсетеді
СТВ анасында Қазақ Ұлттық географиялық қоғамының "Шоқан Уәлихановтың керуен жолы бойымен" атты деректі фильмі көрсетіледі. Ғылыми-танымдық экспедиция Қазақстан мен Қырғызстан қалаларында болған. Фильмді СТВ арнасынан 13 мамырда сағат 20.30-да көруге болады.
Деректі фильмде қазақстандық зерттеушілердің барған жерлері көрсетіледі. Оның ішінде Қарашаһар, Қорла, Кұшар, Ақсу, Артүш, Жаркент, Қағалық, Хотан, Нарын және Таш-Рабат қалалары бар. Ғалымдар көрермендерге қазақ ғалымының қауіпті саяхаттары туралы баяндап, ол болған қалаларды салыстырады. Сонымен қатар, қауіпті өңірлердегі құпияларды ашады.
Айта кетейік, экспедиция қазақтың ұлы ғалымының 180 жылдығына орай ұйымдастырылды. Ол 2014 жылдың шілдесінде басталып, тамыз айында аяқталды. Жобаға Қазақ ұлттық географиялық қоғамының зерттеушілері қатысты. Жоба барысында Шоқан Уәлиханов болған Ұлы Жібек жолының қалаларына саяхат жасалды. Экспедиция кезінде қазақстандықтар алты мың шақырымды жүріп өтіп, "Жұлдызды теңіздің" жағалауында болды, "азиаттық Римді" көрді. Сонымен қатар, түрік ойшылдарының мазарларында болды.
Айта кету керек, зерттеушілер Орталық Азия Марко Поло, Никола Пржевальский, Петр Козлов және Юрия Рериха сияқты ғалымдар қызығушылық танытқан қызықты орындарымен ерекше. Экспедиция кезінде жиналған материалдар "Орталық-Азия алтын сақинасы" жобасында көрсетіледі. Ол Орталық Азия мемлекеттері мен ҚХР туристік мүмкіндіктерін біріктіруге арналған.
М. Бисембаева