Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауының ресми түрде жеңімпазы атанды

Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауының ресми түрде жеңімпазы атанды

Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауының ресми түрде жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Массагет.кз тілшісі Tengrinews.kz ақпараттық порталына сілтеме жасай отырып. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов хабарлады.

"Сайлауда сайлаушылардың 95,21%-ы дауыс берді. Дауыс берушілердің дауысы келесідей болды: Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлына 57 718 дауыс немесе 0,64 %, Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлына 8 миллион 833 мың 250 немесе 97,75 % дауыс, Сыздықов Тұрғын Ысқақұлына 145 мың немесе 1,61 % дауыс берілді. Облыстардан және Алматы мен Астана қалаларынан келіп түскен мәліметтің негізінде, Орталық сайлау комиссиясы Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлын Қазақстан Президенті деп тануға қаулы етеді", - деп хабарлады Тұрғанқұлов. 

Сурет: www.azattyq.org

Н. Нұрмаханұлы