Омбыда қазақтың ең әдемі қызы таңдалды

Омбыда қазақтың ең әдемі қызы таңдалды

Омбыда жыл сайынғы "Омбы Ару Қызы-2015" сұлулар мен таланттардың байқауы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 19 жастағы Әлия Меңдібаева Омбыда тұратын ең әдемі әрі талантты қазақ қыз атанды.

"Омбы Ару Қызы-2015" титулына ие болған аруға тәжден бөлек автомектепке сертификат берілді. Қыз - Омбы мемлекеттік университетінің екінші курс студенті. Шығармашылық номер үшін ең әдемі қазақ қыз қазақ, өзбек, татар, авар және орыс билерінен микс орындады. "Мен бір ай бойы дайындалдым. Кастингтен өте сала дайындықты бастадым. Маған берген кеңестері мен көмектері үшін ұйымдастырушылар мен режиссерлерге көп рақмет", - деді Меңдібаева. 

"I-вице мисс" титулына Раушан Төлілинова ие болды.

Анжелика Есмұрзенова "II-вице мисс" атанды.

"Ару қыз-2015" байқауында қыздар ана тілдерін, қазақ халқының салт-дәстүрін білу жағынан бақ сынасты. Сонымен қатар, байқауға қатысушылар ұлттық және кешкі киім үлгілерін көрсетіп, ұлттық және замануи ән шырқады, ұлттық би биледі. Байқауды ұйымдастырған - Омбы облысының қазақ ұлттық-мәдени автономиясы.

Еске сала кетейік, 2014 жылы ең әдемі қазақ қызы 19 жастағы Махаббат Шахуова болған еді.

сурет: tn.kz

Н. Айдархан