Жаңа заң — жаңа тәртіпті талап етеді

Жаңа заң — жаңа тәртіпті талап етеді
Фото: storage.azh.kz

Елбасының «Ұлт жоспары» «Нақты 100 қадам» бағдарламасы аясында көптеген жаңа заңдар қолданысқа еніп, ағымдағы жылдан бастап күшіне енді. Соның бірі  2016 жылдың қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген жаңа Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексте өз алдына жаңадан оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тарауы белгіленген.

Азаматтық істерді аз уақытта, жан-жақты толық қарау үшін аталған іс жүргізу тәртібіндегі осы аталған институттың орны ерекше. Азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделері уақытында сотта қорғалып, шешім қабылдау мерзімі негізсіз созылмауы тиіс. Қазіргі уақыта  азаматтық іс жүргізудің алға қойған мақсаттары мен міндеттерінің бірі сотта  істі қараудың тиімділігін арттыру, уақытты үнемдеу болып табылады.

Осы  азаматтық іс жүргізудегі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізудің ерекшеліктеріне тоқталар болсақ, судья істерді арыз қабылданған күннен бас-тап бір ай мерзімде оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарайды. Істерді оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарау мерзімі ұзартылуға жатпайды.

Сот егер:

1) тарап бұл туралы өтінішхат берсе;

2) үшінші тұлғаның іске кіруі туралы өтінішхаты қанағаттандырылса;

3) қарсы талап қою қабылданса;

4) осы іс бойынша қабылданған сот актісімен басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылуы мүмкін болса;

5) дәлелдемелерді олардың тұрған жерінде қарап тексеру және зерттеу жүргізу, сараптама тағайындау немесе куәның айғақтарын тыңдау қажет болса;

6) қосымша мән-жайларды анықтау немесе қосымша дәлелдемелерді зерттеу қажет болса істі талап қою ісін жүргізу қағидалары бойынша жалпы тәртіппен қарау туралы ұйғарым шығарады.

Істі талап қою ісін жүргізу қағидалары бойынша жалпы тәртіппен қарау туралы ұйғарымда іске қатысатын адамдар жасауға тиіс әрекеттер мен осы әрекеттерді жасау мерзімдері көрсетіледі. Іс осы Кодексте тиісті санаттағы істер үшін белгіленген мерзімдерде қаралуға тиіс. Істі қарау мерзімі талап қою арызы алғаш қабылданған күннен бастап есептеледі.

Мынадай:

1) егер талап қою бағасы заңды тұлғалар үшін – жеті жүз айлық есептік көрсеткіштен, жеке кәсіпкерлер, азаматтар үшін екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспаса, ақша сомаларын өндіріп алу туралы талап қою арыздары бойынша;

2) талап қою бағасына қарамастан, талап қоюшы ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға және (немесе) шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап қою арыздары бойынша;

3) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерді орындау туралы;

4) «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен нотариус куәландырған дауды реттеу туралы келісімдерді орындау туралы;

5) тараптардың тапсырма шарты бойынша адвокаттың немесе адвокаттар мен тараптардың қатысуымен «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес партисипативтік рәсім тәртібімен жасалған дауларды реттеу туралы келісімдерді орындау туралы;

6) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған кәсіпкерлік, инвестициялық қызметке байланысты даулар бойынша келісімдерді орындау туралы;

7) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған сақтандыру даулары және банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар бойынша келісімдерді орындау туралы;

8) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы даулар бойынша келісімдерді орындау туралы;

9) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған зияткерлік меншікке құқықтарды қорғау саласындағы даулар бойынша келісімдерді орындау туралы;

10) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған неке-отбасылық қатынастар саласындағы даулар бойынша келісімдерді орындау туралы;

11) азаматтың абыройына, қадір-қасиетіне немесе iскерлiк беделiне және заңды тұлғаның іскерлік беделін түсіретін мәліметтерді теріске шығаруды не бұқаралық ақпарат құралында жауапты жариялау туралы даулар бойынша келісімдерді орындау туралы;

12) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда дауларды сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған өзге де келісімдерді орындау туралы істер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралуға жатады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде санамаланған талап қою талаптары оларды оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарау көрсетілмей қойылған кезде олар осы тараудың қағидалары бойынша қаралады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодекстің 146-бабына сәйкес

1. Талап қою арызы нысаны мен мазмұны бойынша осы Кодекстің 148 және 149-баптарының талаптарына сәйкес келуге тиіс.

2. Сот талап қою арызын іс жүргізуге қабылдау туралы ұйғарым шығарады, онда істің оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатындығын көрсетеді.

3. Сот тараптарды хабарландырып, жауапкердің өзі негіздейтін құжаттар мен дәлелдемелерді қоса беріп, он бес жұмыс күні ішінде талап қою арызына пікір (қарсылық) ұсынуы үшін мерзім белгілейді. Пікірге (қарсылыққа) оның көшірмелері талап қоюшыға жіберілгенін растайтын құжат қоса беріледі.

4. Сот белгілеген мерзім өткеннен кейін сотқа келіп түскен пікір (қарсылық), дәлелдемелер және өзге де құжаттар, егер тарап оларды сот белгілеген мерзімде ұсынудың мүмкін еместігін негіздесе және олар сот шешім шығарғанға дейін түссе, қабылданады.

5. Пікірді, дәлелдемелерді және өзге де құжаттарды ұсыну үшін сот белгілеген мерзімдер өткеннен кейін сот тараптарды шақырмай істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарайды.

6. Сот тараптар ұсынған құжаттарда баяндалған түсініктемелерді, қарсылықтарды және дәлелдемелерді зерттейді және шешім қабылдайды.

7. Істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарау кезінде осы Кодекстің сот мәжілісінің хаттамасы жүргізілмейді, істі қарау кейінге қалдыру қағидалары қолданылмайды.

Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатын іс бойынша қысқаша шешім шығарылады, ол осы Кодекстің 19-тарауында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс. Сот шешімінің көшірмелері тараптарға оның алынғанын тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдары пайдаланыла отырып жолданады не шешім шығарылған күннен бастап түпкілікті нысанда бес жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі.

Жауапкер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен шешім шығарған сотқа сот шешімінің көшірмелерін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы шешімнің күшін жою туралы арыз беруге құқылы. Арыз, егер жауапкер талап қою арызының келіп түскені және оның оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатыны туралы тиісті түрде хабарландырылмаған және пікірді, сондай-ақ шешімнің мазмұнына әсер ете алатын дәлелдемелерді ұсына алмаған жағдайда беріледі.

Шешімнің күшін жою туралы арыз осы баптың екінші бөлігінде көзделген талаптар ескеріле отырып, осы Кодекстің 21-тарауында белгіленген қағидалар бойынша қаралады.

Шешімге осы шешімнің күшін жою туралы арыз беру мерзімі өткен соң, ал егер арыз берілген жағдайда – сот осы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарғаннан кейін бір ай мерзім ішінде апелляциялық тәртіппен тараптар шағым жасауы немесе прокурор наразылық білдіруі мүмкін.

Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен тараптар ұсынған құжаттар бойынша тараптарды шақырмастан, осы Кодекстің 277, 279-баптарында белгіленген негіздер бойынша іс жүргізу тоқтатылуы, арыз қараусыз қалдырылуы мүмкін.

Серік Бердібеков,
Маңғыстау облысы

Маңғыстау аудандық
сотының судьясы

urker.kazgazeta.kz

T. Кіршібаев