Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлерге психоэмоционалдық және физикалық жүктеме үшін қосымша ақы төлеу ұсынылып отыр.
Стационарлық және жартылай стационарлық типтегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (паллиативті көмек бөлімшелерін қоспағанда) қосымша ақы:
басқарушы персоналға – лауазымдық еңбекақының 30%-і
негізгі персонал қызметкерлеріне (әлеуметтік қызметкерлерді қоспағанда) – 35%;
әлеуметтік қызметкерлерге – 40%;
санитарларға – 40%.
Стационарлық және жартылай стационарлық типтегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің паллиативті көмек бөлімшелерінде:
тәрбиешілерге, барлық мамандықтағы медбикелерге, санитарларға – 60%.
Уақытша болу, үйде қызмет көрсету ұйымдарындағы қызметкерлерге:
басқарушы персонал –15%;
негізгі персонал қызметкерлеріне (әлеуметтік қызметкерлерді қоспағанда) –20%;
әлеуметтік қызметкерлерге – 35%;
санитарларға – 20%.
Жоба "Ашық НҚА" порталында 28 қазанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған. Негіздемесінде әлуметтік қызмет көрсету жүйесінде білікті кадрлардың жетіспейтіні жазылған. Бұл жұмыс қарқындылығына сәйкес келмейтін төмен жалақымен байланысты болып отыр.
Әлеуметтік қызметкерлерге төленетін қосымша ақы үшін үш жылға 25,1 миллиард теңге немесе жыл сайын 8,37 миллиард теңге қарастырылған ("2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы).