2021 жылдың 29 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік және Келісім Сарайында кешкі сағат 19.00-де телевизиялық нұсқада 2 сағаттық концерт өтті.
Жыр алыбы Жамбылдың 175 жылдық мерейтойына арналған кешке қазақ пен қырғыз, өзбек халқының ұлттық өнеріне қызмет етіп жүрген өнер майталмандары қатысты. Думанды қойылым барысында өнерпаздардың ән айтысы, жыр сайысы, ақындар айтысы, өлең оқу жарысы және бәрі бірге шарқайтын қос халыққа ортақ әндер орындалды. Мерекелік кеште Жамбыл мен Тоқтағұл, Сүйінбай, т.б. ұлы тұлғалардың есімдері дәріптеліп, тарихы тағдырлас, өнері тамырлас ұлттардың бір-бірлеріне сый-құрметтері көрсетілді.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Жылқышбайұлы Абдуалиев фестивальге келіп, сөз сөйледі және фестивальдің барлық қатысушыларына салтанатты түрде алғыс хат тапсырды.
Халықаралық ақындар фестиваліне Қазақстанның мәдениет қайраткерлері — Ерболат Шалдыбеков пен Амандық Көмеков, Республикалық конкурстарының лауреаттары — Елбол Қуанбек, Айгерім Нартүйеева, Шаттық Уатқан, Дінисламбек Жайлаубай, Айзат Қарабекова, Мақпал Тоқтаған, Елікбай Иса және Бибігүл Сауытова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері — Ұлжан Байбосынова, Баянғали Әлімжанов, Азамат Сатыбалды, Алмас Алматов, Қуандық Қыстықбаев, Еркебұлан Дайыров және Рамазан Стамғазиев қатысады. Сондай-ақ бұл фестивальге Өзбекстаннан Әбдіназар Поянов, Бекарыс Шойбеков, Бохтияр Артиков және Қырғызстаннан ақын Ақмадбек Сұлтанұлы, Мұхтар Ниязов, Асылбек Маратұлы мен жыршы Нұрбек Серкебаев қатыcты.
Аталған шара Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 16-17 желтоқсан күндері «Хабар» арнасынан көрерменге ұсынылатын болады.