Осыдан үш жыл бұрын 2015 жылы Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттың дамуы мен алға басуы жолында нақты 100 қадамды бетке алған бағдарлама ұсынды. Солардың алғашқы қадамдарының біріне, яғни бесінші кезекте Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қызметінің нәтижесіне байланысты ӨСІРУ мәселесіне тоқталды. Ел көшбасшысы ретінде бұл қадам ең озық шешім болмақ. Ересек адам түгілі, есеп білмейтін балаға да көп тәтті берсеңіз не өзі жақсы көретін нәрсені ұсынсаңыз, ол да сіздің айтқаныңызды екі есе етпей орындайды. Сол секілді үлкен адамдарды да, соның ішінде мемлекеттік қызметте істейтін тұлғаларды да алға жылжытып, жігерлендіріп отыратын екі нәрсе марапат сөзі мен өспелі қаражат. Яғни әр қызметкер кішігірім болса да, жетістікке жеткен сайын елеусіз қалдырмай атап, мадақтап немесе күнделікті қызметте арқасынан қағып отырса, ол одан ары шабыттанып, өз ісіне деген сүйіспеншілігі артып, күнделікті жұмысынан ләззат ала бастайды. Ал оған әр артық жұмысына, тыңғылықты қызметіне, жауапкершілікпен атқарылған шаруасына көңіл бөліп, елеп-ескеріп, жалақысын да алдыңғыдан сәл өсіріп берген жағдайда, ол ақшаға құнықпаса да, күнделікті қажетіне жаратып отырған көк қағаз кірісін әлі де көбейту мақсатында, өз өмірін бұрынғыдан да жақсарту үшін тағы да еселеп еңбек ете түседі. Мұны ұйымдастырушы әрі әр қызметкердің психологиясын жетік меңгеріп, сөзсіз оқып отыратын басшылар жақсы біледі. Сондықтан елге ортақ істің нәтижелі орындалғанын қалайтын әр мекеме басшысы қарамағындағы қызметкерлер еңбегіне лайықты нанын жеп жатқанынан толықтай хабардар болуы тиіс. Осы істі сөз жүзінде айтып қана қоймай, көз алдында іске асыру мақсатында елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы маңызды ұлт жоспарының алғашқы қадамы ретінде асқан көрегендікпен енгізіп отыр. Үш жыл ішінде мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы ғана емес, қызметін өтеп қойған зейнеткерлер мен болашақ қызметкер яғни студенттердің де зейнетақысы мен шәкіртақысын бірнеше пайызға өсірді. Бұл да 100 нақты қадамның бірін орындап, халықты қолдаудың бір сатысы.