- Негізгі бет
- Мәңгілік ел
- Ғасыр өтсе де...
Ғасыр өтсе де тойланатын мереке
Тұлпар дүбірі, бабалар үні, найза бойы биік көтерілген ту, жан мен тән арпалысқа түскен шайқас, найза-қылыштың жаңғырығы, жылаған бала, омырауын сүтке толтырып, кеудесіне сауыт киген аналар, адырнасын кере тартып, жауына сұсты көзбен ентелеген... бұл тарихи көрініс.
Бодандық қамыты, бағыну, сұрапыл отқа орған тағы соғыс, бұл жолы жан алқымнан алатын, құрыштардың оқтардың атысы, аман қалудың емес, бірлікті сақтап қалудың амалы, тар қапастың іші, жантүршігелік көріністер... бұл ұмытуға болмайтын күндер.
Көк тудың астында алты алаштың басы қосылып, кеудесіне қолын қойып, әнұранын шырқау, елтаңбасына қарап таңбалы еркіндіктің образын көру, еркіндіктің дәмін сезіну, өзінің елбасына бағынып, болашаққа жол алу... бұл тәуелсіздік.
Ғасыр өтсе де, мың дәуір ауысса да елдің тәуелсіздік мерекесі тойлана береді. Бұл заңдылық немесе қатып қалған қағида емес, тарыдай шашылған халықтың басты арманы, жүрегінің соғысы.
Тәуелсіздік алып жиырма алты жылды артқа тастаған халықтың көсегесі көгеріп, болашағының бағыты айқындала бастады. Өз алдына ту тіккен елдің Елордасы, шекарасы, мәдениеті мен әдебиеті, саясаты мен экономикасы тұрақталып, әрбір азамат үйінен жұмысқа, әрбір бала мектебіне еркін ауаның тынысымен тыныстап жол алады. Бұл бақытты күндер. Бұл бақыта жетуге асыққан күндердің жемісі.
Ұрпақтар сабақтастығын жалғап, тарихты жоғалтпай, жәдігерлерді сақтай отырып, бүгін мен кешенің жемісін жеңіске жеткізу, елдің тәуелсіздігін тұғырында ұстап қалу... бұл келешекке жол алған ұрпақ.
Баянды тәуелсіздік!