- Негізгі бет
- Мәңгілік ел
- Эвересті бағындырған қазақ...
Эвересті бағындырған қазақ 41 жаста
1976 жылы 23 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысы Орал өңірінде дүниеге келген қазақтың әлемге әйгілі альпинистерінің бірі – Мақсұт Жұмаев бүгін 40 жаста.
Әлемдегі ең биік нүктені бағындырған санаулы ғана альпинистердің бірі Мақсұт Жұмаев жер бетіндегі 8 000 мыңнан асатын биіктіктегі 14 тауды да басып өткен. Жердің ең биік нүктесіне табанын тіреп тұрып, қазақтың туын тіккен қазақ азаматымен еліміз ғана емес, әлем мақтанады.
Осы ретте сіздерге қырықтың қырқасына шыққан Мақсұт Жұмаевтың альпинизм туралы айтқан ойын ұсынып отырмыз.
Кейде неге бара жатқаныңды білмеген де жақсы. Қауіп-қатерді дұрыс бағалай алмайсың.
Әке-шешем альпинизммен айналысқанымды құптаған жоқ. Бұл баласын соғысқа жібергенмен тең.
Менің денем оттегі жетіспеушілігіне дейімделген. Мұны Гималайдан оралған соң білдім. Бұл – туа біткен қасиет. Туабітті қасиеттерді тәжірибе арқылы дамытып отыру керек.
Альпинизм – ең қатерлі спорт түрі. Спортшылар арасына өлім көрсеткіші өте жоғары. Мәселен, 1991–2011 жылдар аралығында 14 сегіз мыңдық шыңдарға шығу бағдарламасын орындауға қазақстандық альпинистердің үш буыны қатысты. Сондағы 50 адамның оны арамызда жоқ. Барлығы тауда қалды.
Таудың басында не жақсы дейсіз ғой? Онда құдайға жақындық бар. Онда өзіңді адам емес, көктің тұрғынындай сезінесің.
М. Ақан