- Негізгі бет
- Мәңгілік ел
- Этика ережелерін мемлекеттік...
Этика ережелерін мемлекеттік қызметке де енгізу арқылы ұлт жоспарын орындау
2015 жылы 20 мамырда Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті бағдарламасы шыққаны баршаға мәлім, оның атауы "Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам" деген тақырыпта берілгенін де көпшілік жақсы біледі. Алайда ол қадамдардың жүз бағытын барлығы бірдей біле бермесе керек. Бес тарауға бөлінген бұл бағдарламаның 12-қадамы ЖАҢА ЭТИКАЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРДІ ЕНГІЗУ. Мемлекеттік қызметтің жаңа Этикалық кодексін жасау. Этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымын енгізу деп алынған.
Қандай заң, қандай қағида, қандай ереже болсын, ол өзгертіп, заман талабына сай жетілдіріп, дамытып отыруды талап етеді. Себебі ескілікті есіркетіп, жаңалықты жар салып, жақсы жағынан қабылдап отыру – дамушы елдің басты міндеті. Соның ішінде жаңа этикалық ережелер мемлекеттік қызмет иелеріне аса қажет-ақ. Олар көпшілікпен жиі жұмыс істейтін болған соң, оның ішінде дүкен сатушысы, шаш алушы секілді емес, жауапкершілігі де, артар салмағы да ауыр қызмет болғаннан кейін, әсіресе этика ережелерін бұзбай сақтанса құба құп болады.
Этикалық кодекстер жасап шығарып, оның орындалуын қадағалау арқылы да 100 қадамның бірін басып озамыз. Жай ғана қадағалау істері жүріп жатыр демей, нақты осы іспен айналысатын, яғни этика мәселелерін бетке ұстап, оларды шешу жолдарын қарастырып, мемлекеттік қызметкерлердің этика кодексін бұзуына қандай жағдайлар себепкер болғанын зерттеу арқылы заңдар мен ережелерді оңтайлы тұсына өзгерте алады. Осы мәселемен айналысып, этика ережелерінің орындалуын бақылау үшін арнайы уәкілетті өкіл лауазымын енгізу шешімі де өте дұрыс жасалған.
@. @assel_assanova