- Негізгі бет
- Мәңгілік ел
- Еңбек министрлігі биыл...
Еңбек министрлігі биыл 735 мың адамды жұмыспен қамтиды
Биыл елімізде халықты жұмыспен қамту шаралары ұлғаятын болады. “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асыру аясында көпшілікті жұмыспен қамтамасыз етуді 660 мыңнан 735 мың адамға арттыру жоспарланған. Бұл туралы биылға арналған міндеттер мен өткен жылдың қорытынды есебі бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.
Біржан Нұрымбетовтің айтуынша оы уақытқа дейін 450 мың адам жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 85 пайызы яғни 383 мыңы тұрақты жұмыспен қамтылған. 150 мыңнан аса адам оқытылып, 75 мың адам бизнес негіздері жөнінде тәлім алған. Осы уақытқа дейін 9 мың адам Солтүстік өңірлерге көшкен. Олардың 50 пайызы еңбекке қабілетті адамдар. Олар бүгінде жұмыспен қамтылған. Кейбірі кәсібін дөңгелетіп отыр. Бұдан бөлек өз кәсібін дамыту үшін 18 мың жеңілдетілген микронесие, 40 мыңнан аса мемлекеттік грант бөлінген. Осының арқасында қосымша 18 мың жұмыс орны ашылған. Мемлекет субсидиялаған жұмыс орындарына 140 мың адам жұмысқа орналастырылды.
Министp Еңбeк бағдaрлaмacы aяcындa былтыp 660 мың aдaм қaмтылғaнын жәнe биыл оcы көpceткiштi 735 мың aдaмғa apттыpу жоcпapдa бaр eкeнiн aйтты. Mұның 60 пaйызы ayыл тұpғындapы, жapтыcынa жyығы әйелдep, 36 пaйызы жaстap бoлмaқ. “Еңбек” мемлекеттің бағдарламасы іске қосылғаннан бері жұмыссыздық мәселесі біршама азайған. Мысалы, бүгінгі таңда ол 4,8 пайыз. Егер осы бағдарлама болмаса еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 7,9 пайыз болатын еді.
Еңбекминнің басшысы енді көпбалалы және табысы аз отбасыдан шыққан мемлекеттік бағдарлама қатысушыларына 7 жылға дейін жеңілдетілген жылдық пайызы төрттен аспайтын микрокредиттер берілетінін атап өтті.
“2020 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтуды халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының ішінен 735 мың адамға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Біз мемлекеттік бағдарламаның тетіктерін жетілдірдік. Енді қысқа мерзімді оқыту жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша ғана жүргізіледі. Жастарды тұрақты жұмысқа орналастырудың “Алғашқы жұмыс орны” және “Ұрпақтар келісімшарты” жаңа тетіктері енгізілді”, – деді минстр.
Қазіргі күнде Қазақстанның 8 өңірінде 84 мобильді орталық жұмыс істеп жатыр. Еліміздегі азаматтарды, жастарды жұмыспен қамтуды арттыру үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысы «өтінім беру» қағидатынан "проактивті" форматқа ауытырылатын болады.
Министр әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың маңызы айрықша екенін айтты. Оның сөзінше, еліміздегі 5 аймақтағы 204 отбасын, көпбалалы және табысы аз отбасын жұмыспен қамтитын “Менің кәсібім” жобасы іске асырыла бастаған.
“2020 жылы “Жасыл экономика” Коалициясымен бірлескен жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. Сервистік-өткізу кооперативтерін құру үшін жеке аулаларға, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдау көрсетілетін болады. Өңірлер әкімдіктеріне әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға ерекше назар аудару қажет. Бұл халықтың әлеуметтік осал санаттарын қолдау бағытына айналуға тиіс”, – деп түйіндеді министр.
Т. Раушанұлы