- Негізгі бет
- Мәңгілік ел
- Еңбек кодексін жаңарту...
Еңбек кодексін жаңарту – орындалған 1 қадам
Заңсыз, жарғысыз ел тәртіп пен тәрбиеден біржола қол үзеді. Ал әл-Фараби бабамыз жазып кеткендей "Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы", яғни тәрбие мен тәртіп болмаған жерде ешқандай білімнің де, ғылымның да пайдасы болмайды, керісінше үйренген-түйген ілімін терісжағына, қоғамға зиянды тұсына пайдалануы ықтимал. Сол себепті заң-шарғының, кодекстер мен ережелердің маңызы зор.
2015 жылы 20 мамырда қабылданған Қазақстан Республикасы президентінің жаңа бағдарламасы – Ұлт жоспары 100 нақты қадамның 83-ші қадамында Еңбек қатынастарын ырықтандыру. Жаңа ЕҢБЕК КОДЕКСІН әзірлеу айтылған еді. көп ұзамай-ақ осы жылы 23 қараша күні Еңбек кодексі жаңартылды. Бұл кодекс 2016 жылдан бастап қолданысқа енгізіліп, 2017 жылы 1 қаңтарда тағы да өзгерістер енгізілді. Яғни тағы бір редакциялаудан өтіп, 1-бап, 1-тармақ, 64-тармақшасы, 26-бап, 1-тармақ, 4-тармақшасы, 30-бап, 1-тармақ, 6-тармақшасы, 57-бап, 1-тармақ, 1-тармақшасы өзгеріске түсті. Елде болып жатқан оқиғалар мен жаңалықтарды ескере отырып, кей сөздерді сәл түзетті. Бұл да ел басшысы бекіткен 100 қадамның орындалып жатқанын көрсететін бір фактор.
Кодекстің бұл тармақшаларында білікті кадрлар мен мамандандырылған ұйымдарды аттестаттау, шетелден келетін жұмыскерлер азаматтығын алмайынща еңбек шартын жасаспау, өз бетімен жұмыс істеуге келген шетелдік азаматтың күшін тартуға рұқсат жөнінде және де сол рұқсаттың қолданылуы мерзімі туралы айтылады.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 23 тарау, 204 баптан тұрады. Еңбекке жарамды әрбір азамат, Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары бұл кодексті жатқа білмесе де, жалпы мазмұнынан хабардар болуы тиіс. Өз құқығы мен міндеттерін жетік білмейтін қызметкер ешқандай жақсы маман деген атқа лайық бола алмайды.
@. @assel_assanova