Қазгидромет еліміздің 9 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды ТЖК баспасөз қызметі.
Түркістан, Алматы облыстарында және Алматы қаласына іргелес аумақтарда жауын жауады, тіпті нөсер болуы мүмкін. Осыған байланысты тау өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.
18 мамырда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, бұршақ жаууы ықтимал. Желдің екпіні секундына 15-20 метр.
18 мамырда Шымкент қаласында қатты нөсер жауады, найзағай жарқылдап, дауыл соғуы, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні секундына 15-20 метр.
18 мамырда Қостанай облысының кей жерлерде қатты нөсер, бұршақ жауады, тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қызылорда облысында жаңбыр, кей жерлерде найзағай, желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 23 метрге жетеді.
Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі, найзағай ойнап, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал. Тұман түседі, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
18 мамырда Түркістан облысындағы тауларда нөсер, бұршақ жауады, найзағай ойнап, дауыл соғуы ықтимал. Желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 23 метрге жетеді.
Төтенше жағдайлар комитеті тұрғындарға ауа райының құбылуына назар аударуды сұрады. Дауылды ескерту туралы хабарламаға құлақ асып, қажетті сақтық жасау керек.
Желдің жылдамдығы секундына 15-20 және тіпті секундына 30 метрге дейіңн күшейеді. Елді мекендерде қауіпсіздік техникасының басты ережесін ұстану керек. Шағын қалалар мен мегаполистерде дауыл кезінде зардап шегу ықтималдығы жоғары болады. Қатты дауыл соққанда үйдегі барлық терезе тығыз жабылуы тиіс.
Толық жабылмаған балкон мен лоджиядан қатты жел кезінде сыртқа үшып кетуі мүмкін барлық затты (құмыра, жәшік, шөлмек және т.б.) алып тастау керек. Тұрғын үй бұрышындағы балкондарда дауыл кезіндегі рамасымен бірге ескі терезесі ұшып кеткен жағдай кездеседі.
Көшеде дауыл тұрған кезде жарнама қалқандары (және басқа да аспалы құрылымдар), автобус аялдамасы, электр бағанасы мен желісі, сондай-ақ ағаштардан барынша алыс тұрыңыз. Айналаңызға сақ болыңыз, үстіге құлап кетуі мүмкін заттардан алшақ болуыңыз. Үзілген сымдар мен құлайтын заттарға (ағаштарға) жақындауға болмайды.
"Қатты жел соқса ол тыйылғанша жақын маңдағы ғимаратта немесе табиғи ықтасынға жасырыну қажет. Үлкен ағаштың, әсіресе теректің астына көлік қоюға болмайды, өйткені ағаш немесе оның ірі бұтағы құлап басып қалуы мүмкін. Шіріген және кәрі, сондай-ақ жалғыз тұрған ағаштар да өте қауіпті. Үйден шықпаңыздар, жақындарыңызды қорғаңыздар",-делінген ескертуде.