- Негізгі бет
- Мәңгілік ел
- Елімізде халық саны...
Елімізде халық саны 18 млн 700 мыңнан асты
Фото:
Yernar Almabek\Massaget.kz
Қазақстанның халық саны 18 711,2 мың адамға жетті. Мұндай деректі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жариялады.
"2020 жылғы 1 мамырда еліміздегі халық саны 18 711,2 мың адам болды. Оның ішінде қалалықтар – 11 004,5 мың (58,8%), ауылдықтар –7706,7 мың адам", - делінген таратылған ақпаратта.
Комитет мәліметінше, 2019 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда халық саны 242,4 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсті. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсім еліміздің 3 өңірінде: Алматы қаласы (63,7 мың адам), Нұр-Сұлтан қаласы (55,5 мың адам) және Түркістан облысында (33,1 мың адам) тіркелген.
Т. Раушанұлы