Президент Н.Ә.Назарбаев ең алғашқы жолдауын 1997 жылдың 16 желтоқсанында жариялаған болатын. Содан бері алға қойылған стратегия мен мақсат-міндеттер еліміздің одан әрі дамуына, әлемнің дамыған 50 елінің қатарына енуге мұрындық болып келе жатыр. Биыл да Елбасы өзінің кезекті Жолдауын жариялады. Жаһандық бәсекеге қабілеттілікті арттыруға арналған бұл Жолдау жеңіске жетелейтіні анық.
Қазақ білімінің қара шаңырағында мемлекеттік тілдің мүддесін қорғап жүрген «Қазақ тіл білімі кафедрасы» өзінің кезекті кафедра мәжілісінде Президент Жолдауын ортаға салды. Осы уақытқа дейінгі қол жеткен табыстар – Универсиада – 2017 спорт ойындарының өткізілуі, «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесінің өткізілуі, «Қазақстан – 2050» стратегиясының өзектілігінің арта түсуі, жалпы ішкі өнімнің 1%-ға өсуі. Елбасының алдымызға қойып отырған ендігі талабы – экономиканы жаппай цифрландыру. Өздеріңіз білесіздер, күн өткен сайын электрондық айналым, электрондық төлемақы, электронды нұсқамен көп шаруаны тез арада орындау күнделікті тұрмыстық жағдайларға айналып бара жатыр. Біз қазіргі таңда көптеген жұмысты орнымызда отырып-ақ электронды түрде жүргізе алатын дәрежеге жеттік, – деген кафедра оқытушылары, – экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған бес басымдыққа жеке-жеке пікір білдірді.
Білім ордасы болғандықтан шығар төртінші басымдыққа аса көңіл бөлінді. Білім беру жүйесінде орын алатын өзгерістер, әсіресе, «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасының іске асырыла бастауы оқытушыларды қуантып тастады. Жоғары оқу орындарының кадрлық құрамына, материалдық-техникалық жабдықталу деңгейіне, білім беру бағдарламаларына қатысты бақылау мен талаптың күшейтілуі өте орынды деді кафедра оқытушылары.
Қазақ тіл білімі кафедрасының
оқытушылары Ж.Б. Саткенова, А.С.Жүзбаева