ЭКСПО-қалашыққа ұсынылған жобалар

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» акционерлік қоғамы елордадағы ЭКСПО-қалашықтың ерекше дизайн-жобаларын ғаламторда жариялады. Бұл жобалар көрме кешенінің үздік идеясын ұсынған халықаралық сәулет байқауына қатысқан болатын.

Белгілі болғандай, осы байқауда америкалық Adrian Smith+Gordon Gill Architecture компаниясы жеңімпаз атанды. Жобаға америкалықтар жасампаздық танытып, болашақ қалашықтың аумағы жеті жүз мың шаршы метрден астам жерді қамтиды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, көрме өтетін жерде конгресс-кешен, қонақ үй, мультифункционалды баспана кешені, сауда ойын-сауық орталықтары және басқа да маңызды ғимараттар қамтылған. Орталықта сфера пішінді бірегей ғимарат тұрғызылуда. Бұл нысанда Қазақстан Республикасының ұлттық павильоны орналасады.

Дегенмен де ұлттық компания өзінің әсемдігімен таңдандыратын басқа да жобаларды жариялап отыр.

ЭКСПО-жоба 1. «J Mayer H. Architects» неміс компаниясының жобасы.

ЭКСПО-жоба 2. «Zaha Hadid Architects» британдық компанияның жобасы.

ЭКСПО-жоба 3. «UNStudio» голландиялық компанияның жобасы.

ЭКСПО-жоба 4. Қытайдың «Pei-Zhu» студиясының және америкалық «Slab Architecture»  студиясының бірлескен жобасы.

ЭКСПО-жоба 5. «Safdie Architects» америкалық компанияның нұсқасы.

ЭКСПО-жоба 6. Австриялық «COOP HIMMELB (L) AU Wolf D. Prix & Partner ZT GmbH» бюросы осындай үлгіні ұсынды.

ЭКСПО-жоба 7. «Serie Architects» британдық компанияның суретшілері ұсынған жоба.

ЭКСПО-жоба 8. GMP International Project (Германия).

ЭКСПО-жоба 9. «Snøhetta» (АҚШ/Норвегия) фирмасы Google Maps бейнесі іспеттес ерекше жобаны ұсынды.

ЭКСПО-жоба 10. Бұл жобаны авторы голландиялық «Mecanoo».

ЭКСПО-жоба 11. Осы жобаны итальяндық сәулетшілер  Массимилиано және Дориане Фуксас таныстырды.

ЭКСПО-жоба 12.  Оңтүстік Кореяның «Gansam Architects & Partners» компаниясы ұсынған нұсқа.

ЭКСПО-жоба 13. Бұл идея британдық «Kokkugia» компаниясына тиесілі.

Ұйымдастырушылардың болжамынша, көрмені тамашалайтындар 5 миллионнан асады. ЭКСПО-2017 шарасын өткізу кезеңінде 3 мыңға жуық тақырыптық және ойын-сауық шаралар өткізіледі.

Дереккөз: inform.kz