Бітімгершілер міндеті мен қызметі қандай?

Бітімгершілер міндеті мен қызметі қандай?
Фото: massaget.kz

Елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын нығайту үшін кез келген әскери қызметтің сапасы мен оның дайындығы аса маңызды. Сол үшін Қарулы күштердің қызметі мен олардың кәсибілігімен таныс болу шарт. Бүгін назараларыңызға Қарулы Күштердің айнымас бөлігіне айналған бітімгерлер туралы деректерді ұсынып, олардың қызметімен таныстыратын боламыз.

29 мамыр БҰҰ-ның Халықаралық бітімгершілер күні аталып өтіледі. Бұл күн тарихқа қалай енді?
БҰҰ бітімгерлік қызметін 1948 жылы Таяу Шығыс елдері арасындағы кикілжіңді тоқтату мақсатында бастады. Содан бері әлемдегі бейбітшілікті сақтап тұру мақсатында 71 операция жүзеге асқан. Бұл салада қызмет ететін әскери қызметкерлерді тарихта "көк каскалылар" деп біледі. Олардың еңбегін үлгі тұту мақсатында 2002 БҰҰ бас ассамблеясы 29 мамырдың БҰҰ-ның Халықаралық бітімгершілер күні (International Day of United Nations Peacekeepers) деп жариялады. Бұл күнді арасында соғыс не кикілжің болып жатқан ел азаматтарының көрген қиындығын жеңілдетіп, шешімін табу үшін өмірін құрбан ететін бітімгерлерге арналды.

Жаяу патруль жасап, жеңіл қаруланып, соғыс отын кешіп барып, мемлекеттер арасында көпір орнататын бітімгелер күні алыста қалды. Бүгінде БҰҰ операциясы бойынша жұмыс істейтін бітімгерлер тек атыс-шабысты тоқтатып қана қоймай, олар  бірнеше жылға созылған кикілжіңнен кейін құлдырау алдында тұрған елдің қайта қалпына келуіне көмектеседі. 

Бітімгершілерді дайындау жұмыстарының жүріп жатқанына 70 жылдам астам уақыт өтті. Бұл уақыт аралығында БҰҰ қол астында 1 миллионнан астам ұл-қыз бітімгерлік сабақтарын алды. Бітігершілердің жұмысы қиындықтарға толы, олардың "сапардан" аман оралу-оралмауы белгісіз. Аталған күні қызмет етіп жатқан бітімгершілерге алғыс айтса, қызметте қаза тапқандарға құрмет көрсетіледі. Тарихта төрт мыңнан астам бітімгерші қаза тапқан. 

Бітімгер әйелдердің қызметі несімен маңызды?
Жыл сайын бітімгерлік қызметке алынған әйел адамдар саны артып келеді. БҰҰ да неғұрлым бітімгер әйел көп болған сайын, әлемдегі бейбітшілікті сақтау да тиімді бола түседі дейді. Бітімгер әйелдер бұл қызметтің нәтижелі болуына ғана әсер етіп қана қоймай, адамның құқығын әрі азаматтарды қорғауға, әйел адамның да саяси әрі жаһандық үрдістерге қатыса алатынын көрсетеді. Мысалы: 
- Операцияның тиімділігі және нәтижелі болуын қамтамасыз етеді. Ер адам мен әйел адамның ойлау жүйесі және оқиғаны көруі, бақылауында айырмашылық болуы мүмкін. Олардың дағдысы да жоспарлау, шешім қабылдау ісіне айтарлықтай үлес қосады.  
- Қолжетімділік. Бітімгер әйел адамдар халықтың сеніміне ие болып, соның ішінде зорлық, қорлық көрген әйелдер мен балалармен тіл табысып, олардан ақпарат ала алады.
- Сенімнің жоғары болуы. Бітімгер әйелдер қоғамның сеніміне оңай ие болып, жергілікті тұрғынмен әңгімеле жүріп, оларға қолдау білдіреді. Кей қоғамда әйелге мен ер адаммен сөйлесуге тыйым салынған. Сондай жағдайда әйел адамның септігі тиеді. 

Қазақстан бұл күн қалай аталып өтеді?
Біздің елімізде бұл мереке алғаш реті 2019 жылы аталып өтілді. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап Қазақстан өзінің әлемнің бейбітшілік қағидаларына бағынып, тұрақтылық пен қауіпсіздіктің жақтасы екенін дәлелдеп келеді. 

Бітімгерлік істерге қатысу – еліміздің сыртқы саясатын сақтау және оны қолдау шараларының басты көрсеткіші. Қазақстандағы бітімгерлік іс 2000 жылы басталды. Президент Бұйрығымен елімізде бітімгерлік батальоны құрылды. 2003 жылы "Казбата" әскери қызметкерлінің қарқынды дайындығы арқасында АҚШ және НАТО қорғаумыен Ирактағы әскери кикілжіңді тоқтату ("Иракқа еркіндік" операциясы) операциясына қатысты.

2003 және 2008  жылдар аралығында өткен орпеацияларға 270 әскери қызметкер қатысқан. "Көк каскалылар" Қазақстанда мина аймағын және суды жарылғыш заттардан тазарту шараларын атқарды.  

Иракта қазақстандық мамандар 4,5 миллионнан астам түрлі ату жарақтарын, яғни мина, ракета және снарядтарды жойса, 6718 шаршы метр суды тазалаған.

Қазақстанды әскери дәрігерлер "Дельта" америкалық базасының құрамына қосылып, жергілікті тұрғындар мен террористік шабуыл құрбандарына қол ұшын созған. 

2015 жылы қабылданған "Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы" заңында елдің Қарулы Күштерінің ұлттық контингентің бітімгершілік операцияларына қатысуын реттеу бойынша мемлекеттің міндеттері мен құзыреттерін анық көрсетілген. 

2018 жылы қазақстандық бітімгерлер ротасы Қазақстан мен Үндістан арасында жасалған меморандумнан кейін, Ливанда өткен БҰҰ миссиясына алғаш рет қатысқан болатын. Израиль шекарасында қазақстандық бітімгерлер тобы жергілікті аймақты торуылдау қызметін атқарды. Сонымен қатар, бақылаушы бекеттерін ұйымдастырып, атыс-шабысты тоқтатуды өз бақылауларына алды. 

Бітімгершілердің басты қызметі – заңға бағыну, халықаралық құқық нормаларын сақтау, бейтарап ортасын ұстана отырып, жергілікті аймақтың дәстүріне құрмет көрсету.

Т. Есқали