- Негізгі бет
- Мәңгілік ел
- Білім министрі жаңа...
Білім министрі жаңа әліпбиде жазылған оқулықтар қашан шығарылатынын айтты
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім саласында қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру үрдісі туралы түсініктеме берді.
“Қанатқақты жобаның мақсаты тиісті нәтиже алуға негізделген. Қазіргі кезде Мәдениет министрлігіне осы бағытта пысықтау шараларын жүргізу туралы тапсырма берілді. Яғни ережелер бекітілгеннен кейін, біз қажетті жұмыстарды іске асырамыз”, - деп тоқталды министр.
Осы орайда латын графикасындағы жаңа әліпбиге көшу процесі ұзақ екенін атап өтті.
“Бүгінде бұл бағытта тиісті жетілдіру жұмыстарын жүргізу туралы Президенттің тапсырмасы бар. Әзірге, жан-жақты пысықталған әрі бекітілген нұсқасы жоқ, сондықтан 2020 жылы мектепте латын графикасындағы әліпбимен оқытылады деп айта алмаймыз. Бұл бағыттағы жұмыстар тиісті уақытты қажет етеді. Алдымен ережелерді бекіту керек, кейіннен қанатқақты жоба жүргізіледі. Тек осыдан кейін ғана біз қажетті дайындықты жүргіземіз. Осы шаралар атқарылғаннан соң, оқу-әдістемелік құралдар мен оқулықтар әзірленеді”, - деді Аймағамбетов.
Т. Раушанұлы