АТФБанк 2019 жылғы 12 желтоқсанда Алматы қаласында ұйымдастырған III Серіктестер форумына шақырған спикерлердің бірі - танымал музыкант және сазгер, "А-Студио" тобының жетекшісі Байғали Серкебаев. Ол іс-шараға жиналған қонақтармен өзінің гастрольдік және шығырмашылық өмірінде болған қызықты оқиғалармен бөлісті. Музыкаға деген құштарлық пен іскерлікті үйренуге деген қажеттілікті қатар алып жүру нәтижесінде ол тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемге танылды.
Байғали Серкебаевтың іс-шараға хедлайнер ретінде қатысуы кездейсоқ емес. АТФБанк жыл сайын Серіктестер форумына өмірлік тәжірибесі мен тарихы кәсіпкерлер үшін қызықты және пайдалы болатын танымал жеке тұлғаларды шақырады. Кеше қатысушылар мүлдем "бейтаныс" Байғали Серкебаевты көрді. Ол бір уақытта өзін бизнес әлемінде шығармашылығын шыңдаған өнер және осы өнер әлеміндегі кәсіпкер бола білген адам ретінде көрсете білді. Көпшілік қауыммен өмірінің жетістікке толы кезеңімен ғана емес, сондай-ақ күрделі, қиыншылыққа толы тұстарымен, бастысы одан алған тәжірибесімен бөлісті.
Танымал сазгердің айтуынша, бірінші бизнес жобасын 13 жасында бастаған. Оқу жылын аяқтағаннан кейін ол достарымен көршілерді аралап қажет емес кітаптар мен оқулықтарды жинаған, сөйтіп оларды Көк базар жанында сатқан. "Жаз бойы біз жүз рубльге жетерлік ақша таптық – ол кезде бұл ересек адамдардың тапқан жалақысынан көп қомақты қаражат еді," - деп есіне алды Байғали Серкебаев.
Кейін Байғали эстрадалық музыкаға ден қоя бастаған. Ол құны жоғары болатын жақсы музыка аспаптарын сатып алу үшін бәрібір кәсіпкерлік дағды қажет екенін сол кезде түсінген.
"А-Студио" тобын құрудың бастапқы кезеңі күрделі өткені туралы да айтты. "Ақша табу үшін колхоз және совхоздарға барып концерт қойдық. Ол кезде үлкен қалаларда бізді ешкім біле бермейтін", - дейді музыкант. Кезінде құрамында Батырхан Шүкенов болған топтың осы қиын кезеңнен өтіп, жаңа деңгейге көтерілуіне олардың өзара ұйымшылдығы, нағыз адал достығы мен музыкаға деген құштарлық себеп болды.
Әңгіме шынайы өтті. Зал болса қонақты жылы қабылдады. Байғалидің әрбір сөзі барлық қатысушылардың көкейлерінде туындаған ойлармен ұштасып жатты, себебі әңгіме өзегі бәріне ортақ маңызды бизнес төңіргенінде өрбіген еді.
Серіктес материалы