- Негізгі бет
- Мәңгілік ел
- Балабақшада ағылшын тілі...
Балабақшада ағылшын тілі оқытылмайтын болады
Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осылай деп мәлімдеді.
“Мектеп дейінгі білім беру бағдарламасынан ағылшын тілін оқытуды алып тастау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, тәрбишілердің еңбекақысын көтеру ескерілген” деді А. Аймағамбетов.
Үкімет сағатында Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдардағы бағдарламаның іске асырылуын талқылау болды. Талқылауда министрлік Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде елдегі мектепке дейінгі ұйымдар желісі балабақшалар салу, жеке балабақшалар, шағын орталықтар ашу және басқа да енгізу тәсілдері есебінен 1839 бірлікке, сәйкесінше, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 13,6 пайызға артқанын, барлығы 10 673 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде балабақшалар - 6 470, шағын орталықтар - 4 203. Контингент 775 164 адамды құрайтынын (2015 ж. – 758 772 адам) анықтап айтты.
Айта кетейік, елдегі мектепке дейінгі ұйымдардың 38,2 пайызы (4082) жеке меншік болып отыр, бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 18,1 пайызға (20,1%) артық. Сонымен қатар, Үкімет отырыснда балабақша тәрбиешілерінің еңбек ақысын жоғарылату туралы да сөз болды.
Т. Раушанұлы