Айсұлтан Назарбаев туралы не белгілі?

Түнде Лондон қаласында 30 жасқа қараған шағында Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені - Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды. Алдын ала болжамға сәйкес, жүрегі тоқтап қалған.

Айсұлтан Назарбаев – Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің екінші ұлы. Оны бұқаралық ақпарат құралдары көбінесе "Елбасының сүйікті жиені" деп атайды.

1990 жылы 26 тамызда өмірге келген. Бала кезден футболға қызыққан. 2006 жылы Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының сапында Еуропа чемпинатының іріктеу турниріне қатысты. "Челси" және "Портсмут" жастар командалары мен қазақстандық "Астана" командасында ойнаған.

2010 жылы Сандхерст қаласында британияның корольдік әскери академиясын тамамдады. Кейін "бизнес әкімшілендіру" мамандығы бойынша Алматыдағы КИМЭП университетінің магистратурасында оқыды.

Еңбек жолы

2012-2013 жылдары Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасында қызмет атқарды.

2017 жылдың ақпан-қазан айларында Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті болды. ФИФА, УЕФА және ұлттық қауымдастықтармен халықаралық байланыс орнатуға жауап берді.

Британияның "айбыны үшін" наградасымен марапатталған.

Спорттағы карьерасы

Әкесі Австрияда қызметте болған кезде "Адмира Ваккер" клубында футболмен айналыса бастады. 2006 жылы Қазақстан бірінші лигасында астаналық "Рахат" үшін өнер көрсетті. 2007 жылы Алматының "Железнодорожник" клубының құрамында болды. 2006 жылы футболдан Еуропа жасөспірімдер чемпионатының іріктеу турниріне қатысты. Кейін бірнеше ай "Челси" академиясында болды. Англия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

2011 жылы "Астанада" ойнады. 2012 жылдың 21 қазанында Қазақстан чемпионатындағы жалғыз матчын өткізді. Қаскелеңдік "Сұңқар" клубының "Ақтөбемен" кездесуінде екінші таймның ортасында алаңға шықты.

Жеке өмірі

2013 жылы "ҚазРомГаз" АҚ басшысы Қайрат Боранбаевтың қызына үйленген болатын. 2016 жылдың жазында екі жастың отбасында Амели есімді қыз дүниеге келді.

дереккөз: sputniknews.kz