Қазақстанның басым бөлігінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы болады.
Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік-батыстың кей жерлеріңде қатты жаңбыр жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, оңтүстік-батыста, орталықта және шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлеріне тұман түседі, жел күшейіп, дауыл, бұршақ жаууы ықтимал.
Ақтөбе облысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан жағары күшею қаупі бар. Қостанай облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, түнде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан жоғары болады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшеюі мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жауу ықтималдығы бар. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл болып, басым бөлігінде жел 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау, Алматы, күндіз Павлодар, Қарағанды, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.
Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Карағанды облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.