- Негізгі бет
- Мәңгілік ел
- АТФБанк AQR рәсімінен...
АТФБанк AQR рәсімінен табысты өтті
АТФБанк ҚР Ұлттық Банкі бастамашылық жасаған AQR – банк активтерінің сапасын бағалау рәсімінің нәтижелері бойынша реттеушінің қорытынды есебін алды. AQR нәтижелері бойынша банк AQR есептік күнінен кейін банк пен акционерлер алдын ала қабылдаған іс-шараларды, сондай-ақ акционер тарапынан 44,2 млрд. теңге сомасына, оның ішінде 33,8 млрд. теңгеден аспайтын сомаға кепілдік аясында тәуекелдерді өтеу үшін банктерді капиталдандыру арқылы қолдау шараларын ескерумен банк капиталдың жеткіліктілік нормативін 7,5%-дан асыра орындайды (тиімділіктің көп бөлігі немесе 80 млрд теңге).
2013 жылдан бастап банк активтер портфелінің сапасын жақсарту бойынша, оның ішінде банктің еншісіне мұра ретінде тиген "тарихи" кредиттердің проблемалық портфелін тазалау бойынша тұрақты және жоспарлы жұмыс жүргізеді. Жаңа акционер келген сәтте банктің NPL 45,5% деңгейінде болғанын еске саламыз. 2020 жылдың бас кезінде бұл көрсеткіш 7,16%-ды құрады. NPL деңгейінің осылайша едәуір төмендеуі менеджменттің соңғы жылдардағы батыл іс-қимылдарының арқасында мүмкін болды, банк осы жылдары проблемалық қарыздардың көп бөлігін өндіріп алды. Сондай-ақ кепілдерді қабылдау жұмыстары жүргізілді, олар кейіннен сатылды. Жалпы алғанда, банкке 1 млрд. доллардан астам қаражат қайтарылды. Активтерді басқарудың тағы бір тәсілі – алынған пайданың шамамен 80%-ды құрайтын елеулі бөлігі жыл сайын проблемалық қарыздар бойынша провизияларды қалыптастыруға бағытталады. Бұл да көп жағдайда "тарихи" кредиттерге қатысты. Банк 2020 жылы да портфельді тиімді басқару үшін осы тәсілді пайдалануын жалғастыра береді.
"Активтер сапасын бағалау үшін қолданылған әдіснаманың консервативтік сипатта болғанына және оның пруденциалдық нормативтер түсіндірмесінде реттеуші пайдаланатын тәсілдемеден біршама қатаңдығымен ерекшеленетініне назар аударатын болсақ, алынған нәтиженің бізді қанағаттандырғанын атап өткен маңызды. Бұл AQR бірінші кезеңінің қорытындылары бойынша біз алған нәтижелерге қатты әсерін тигізді. Әйтсе де сол сәттен бастап біз қамтамасыз ету кепілін ұлғайту және өтеу арқылы активтер сапасын жақсарту бойынша ауқымды жұмыс жүргіздік. Бұл жұмыстың нәтижесі – қосымша провизиялардың қажетті көлемі 65%-дан аса төмендеді, сондай-ақ бұл жәйт капитал жеткіліктілігі коэффициентінің қорытынды көрсеткішіне оң ықпалын тигізді, - деп атап өтті Сергей Коваленко. – Сондай-ақ осы тұста банк акционерінің банктің жарғылық капиталына ақша енгізетінін атап өткен маңызды. Бұдан басқа, жылдық 3%-бен Проблемалық кредиттер қорының кепілдігі алынды. Соның нәтижесінде банк тексеру қорытындылары бойынша капиталдың жеткілікті мөлшеріне ие болды".
Бұл банктің бизнесті қаржыландыру қарқынын қолжетімді кредит беру арқылы сақтап қалу тұрғысынан маңызды болып табылады.
AQR жүргізу кезінде қолданылған талаптар мен нормалар бизнес-процеске қойылатын жаңа талаптарды туындатады. Банк қазірдің өзінде банктің бірқатар нормативтік құжаттарын өзгерту және тиісінше ішкі IT-жүйелерді дамыту қажет болатын іс-шаралар жоспарын әзірледі. Банктің пікірінше, осындай талаптардың жүйелілігін ескергенде, бұл банктік процестерді диджиталдау үшін жаңа түрткі болады және бүкіл банк жүйесінің әрі қарайғы дамуына ықпалын тигізбей қоймайды.
Ағымдағы сәтте және есептілік нормаларында АТФБанктің капитал жеткіліктігі жоғары деңгейде және өтімділігі де балама деңгейде, бұл оның активтерін әрі қарай өсіруге мүмкіндік береді: реттеушілік капитал 295,2 млрд. теңгеге жетті, ал капиталдың жеткіліктілік коэффициенті k1 – 9-10% деңгейінде, ал k2 – 23,2% деңгейінде, бұл консервациялық буферді ескерумен белгіленген нормативті шын мәнінде 2 есе артық жасайды (норматив = 10,0%)
Даму қарқынының тұрақтылығы арқасында "АТФБанк" АҚ Қазақстанның аса ірі банктерінің қатарынан тұрақты орын алады. ҚРҰБ-нің 2020 жылғы 1 қаңтардағы деректеріне сәйкес АТФБанк өз активтерінің көлемі, кредиттік портфелінің көлемі және депозиттік портфелінің көлемі бойынша 6-орынға ие, нарықтағы үлесі тиісінше 5,3%, 6,4% және 5,1%.
Серіктес материалы
Н. Үсенова