- Негізгі бет
- Мәңгілік ел
- "Ашық үкімет" –...
"Ашық үкімет" – мемлекеттік қызметкерлердің халыққа есеп беруі
2015 жылы мамыр айында Нұрсұлтан Назарбаев бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамдарды белгілеген болатын. Оның соңғы 10 қадамы «Есеп беруге міндетті үкіметті қалыптастыру» реформасына байланысты. Ал нақты 94-ші қадамы «Ашық үкіметті қалыптастыру» деп аталады.
«Ашық үкіметтің» мақсаты – халыққа ашық есеп беретін мемлекет құру. Мұндай портал арқылы тұрғындар мемлекеттік бюджетті бақылай алады, олардың қайда, қандай мақсатта жұмсалып жатқанына белсенді араласа алады. Соның себебінен азаматтар мемлекеттік басқару саласында өз құқықтары мен мүмкіндіктерін біле алады. Сонымен қатар, бұл ақпараттар жемқорлықпен күресуге де пайдасын тигізері анық.
Ашық үкімет компоненттері:
- Ашық деректер;
- Ашық нормативтік құқықтық актілер;
- Ашық диалог;
- Ашық бюджеттер;
- Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау.
«Ашық үкімет» арқылы мемлекеттік органдардың статистикалық деректері қолжетімді бола түседі. «Ашық үкімет» билік пен қоғам арасын тығыздай түспек. Мемлекеттік қызметкерлер бұл порталды халыққа есеп беру ретінде қолданады.
Қазір технологияның дамыған заманы болғандықтан, интернет кеңінен қолданылып келеді. Бүгінгі таңда барлық ұсақ-түйектен бастап маңызды заттарға дейін интернет арқылы жасалуда. Адамдар ақпаратты сайттардан алуға толықтай үйренді. Осы мақсатта мемлекеттік органдардың да жұмысы «Ашық үкімет» порталы арқылы халыққа мәлім болатындығы жақсы бастама. Мұндай ақпараттарды оқып жүрген адам өзінің ой-өрісін дамытып, оның ішінен өзіне керегін анықтап, мүмкіндігін де біле түспек.
А. Жапатова