- Негізгі бет
- Мәңгілік ел
- "Әнші болғым келеді!"–...
"Әнші болғым келеді!"– Нұр-Сұлтандағы кәріз құдығынан баланы құтқарған мектеп оқушысы қалай өмір сүреді?
Ақпан айында Елордадағы ашық қалған кәріз құдығына кішкентай сәби құлап кеттті. Бірақ, дәл сол уақытта кәріз құдығының жанынан 17 жастағы Надир Омаргазиев өтіп бара жатады. Оның дер кезінде әрекет етуінің арқасында 4 жастағы балақай аман қалған. "Батырлар арамызда" арнайы жобасы аясында Tengrinews.kz тілшісі Надирдің өмірі ақпан айынан соң қалай өзгергенін, нені армандайтынын, қалай өмір сүретінін біліп қайтты.
2019 жылы 15 ақпан күні Надир досымен бірге колледжден қайтып келе жатады. Қарасай батыр көшесінен өте бергенде қатты айқайлаған әйел даусын есітеді. Жігіттер дауыс естілген жерге барғанда жылап тұрған 2 әйелді көрген. Жақындап келсе, ашық тұрған кәріз құдығының жанында бала сөмкесі жатқан екен.
Оқиға дәл осы жерде болған. Қазір кәріз құдығын жауып тастаған.
"Әйелдер телефон арқылы қоңырау шалып, көмекке шақырды, біз құдыққа қарап едік ештеңе көрінбеді. Сосын 3-4 метр тереңдікте баланың басын көрдім", – дейді Надир.
"Бала мұзы бар судың ішінде басы ғана көрініп тұрды. Оның үстіне кәріз құдығының айналасындағы қар сәбидің басына түсіп жатқан еді", – деп еске алады Надир.
Сол кездегі кәріз құдығының көрінісі шамамен осындай болған. Әйел баласымен серуендеп жүріп, сәбидің қар астындағы аузы ашық кәріз құдығына барып құлап түскенін байқамай қалған.
Жағдайдың қауіптілігін сезінген олар айналадағы қарды тез арада тазалап тастайды. Сосын Надир досынан аяғынан ұстап тұруын өтінген. Өзі құдыққа түскенімен балаға жете алмаған.
"Мен аяқкиімімді шешіп құдық қабырғаларынан ұстап түстім. Жақындап барып оны көтеруге тырысқаныммен көтере алмадым. Себебі баланың үстіндегі сырт киіміне су сіңіп ауырлаған болатын. Кәріз құдығына түстім, сәбиді бір аяғымның үстіне судан көтеріп алып отырғызып қойдым. Су өте мұздай болды", – деп еске алады Надир.
Құтқарушылар келіп машинаға байланған арқанды құдыққа түсірген. Надир арқанмен баланы байлап, жоғарыға шығарып жіберген. "Сосын өзім қалай шығуды ойластыра бастадым. Кәріз құдығының қабырғасында шығып тұрған арматураны байқадым. Содан ұстап өрмелеп жоғарыға шықтым", – дейді. Надир сәбиді құтқарып жатқанда ешқандай да қорықпағанын айтады. "Қорқыныш бәрі біткесін келді", – дейді.
Сәби зардап шекпеген. Осы оқиғадан соң баланың ата-анасы Надирге хабарласқан. Олар әлеуметтік желі арқылы қарым-қатынас орнатып, Надирдің үйіне бірнеше рет қонаққа да барған.
Өткен жылы Надирдің жанұсында егіз – бір ұл, бір қыз өмірге келген.
Надирдің өзі көп балалы отбасында өскен. Оның бір інісі, төрт қарындасы бар. Олар ел астанасына Семейден көшіп келіпті. Биыл Надир Омаргазиев орта мектепті бітіріп, қосымша түнде аспаз мамандығында оқып алған. Бірақ өзі бала кезінен музыкант болуды армандаған. "Бірінші сыныптан бастап ән айтамын. Мені музыкаға анам баулыған. Оның өзі де ән айтады. Әзірге тыңдарманым жоқ. Болашақта болады деп үміттенемін", – дейді құтқарушы.
Надирдің анасы Әсел бұрын музыкамен айналысқан екен. "Сұлуым" атты музыкалық топтың құрамында болған. "Надирге музыкалық қабілет меннен берілген болуы керек", – деп күледі ол.
Жанұя жақында 189-шы көшедегі осы пәтерге көшіп келген. Бұрын олар мұндай пәтерді жалға алу мүмкіндігіне ие болмаған, бірақ АӘК-ті енгізгеннен кейін жағдай өзгерген.
Қазір Надир Нұр-Сұлтандағы Ұлттық Өнер Университетіне түсуді жоспарлап отыр. "Мен үш жыл қатарынан бұл университетке тапсырып келемін. Жылда ақылы бөлімге ғана түсімен. Биыл грантқа ілігуге тырысамын, қолымнан келмесе ақылы бөлімге ақша жинаймын", – дейді Надир.
"Шаттық-2017" байқауында Надир екінші орын алған сәті.
Ақпан айында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Надирді марапаттаған. Ол оқушыны қырағы, батылдық пен қайырымды ісі үшін алғысын білдіріп, оның ерлік әрекетінің арқасында бала аман қалғанын айтқан.
Сондай-ақ, Надир білім беру министрі Күләш Шамшидинова мен бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сауле Айтпаевадан алғыс хат алған.
Айта кетейік, Tengrinews.kz "Батырлар біздің арамызда" жобасын бастады. Жобада батылдық танытқан, адамдарды қауіпті жағдайдан алып шыққан, өлімге араша болған, қиналып жатқандарға көмекке барғандар, сондай-ақ оларды аяққа тұрғызғандар жайлы мақала жарияланады. Сіздер, оқырмандар осы айдардың авторы бола аласыздар. Ерлік жасаған қарапайым адамдар жайлы оқиғаларды мына электронды поштаға жолдай аласыздар: geroi@tn.kz.
Жоба ERG компаниясының қолдауымен өткізіліп жатыр.
Т. Раушанұлы