- Негізгі бет
- Мәңгілік ел
- Алматыда жолаушылар ұшағы...
Алматыда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады (фото)
Бүгін Bek Air әуе компаниясының Алматы - Нұр-Сұлтан бағытындағы 2100-рейсі сағат 07:05-те ұшып, радардан жоғалып кеткен. Көп өтпей бортында 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған ұшақтың апатқа ұшырағаны белгілі болды.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алматыдағы әуе апатының мән-жайын айтты:
"2019 жылы 27 желтоқсанда сағат 07:22-де Bek Air әуе компаниясының № Z2100 Алматы - Нұр-Сұлтан бағытындағы рейсі әуеге көтерілу кезінде биіктікті жоғалтып, бетон қоршауына соғылған. Нәтижесінде екі қабатты ғимаратпен соқтығысқан. Бірден құтқару жұмыстары басталды, өрт шыққан жоқ. Әуе кемесінің жолаушылары мен экипажы эвакуацияланып жатыр. Қаза тапқандардың саны - 7. Премьер-министрдің тапсырмасымен Үкімет комиссиясы құрылды, оны вице-премьер басқарады. Комиссия құрамына индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі және басқа мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді. Комиссия оқиға орнына барады. Оқиғаның нақты мән-жайы мен себептері анықталады. Апат жағдайлары анықталғанға дейін осы типтегі әуе рейстері уақытша тоқтатылады. Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта 95 жолаушы, экипаждың 5 мүшесі болған", - делінген хабарламада.
Десе де қаза болғандардың саны нақтылануда. Telegram және WhatApp қолданушылары апатқа ұшыраған ұшақтың суреттерін әлеуметтік желіде жариялап жатыр:
Bek Air ұшағы құлағаннан кейін шұғыл желі ашылды.
Жедел желі нөмірі: 8 (7172)53-32-84
Алматы облысы ТЖД 8 (7282) 22-02-13, 22-02-18
Нұр-Сұлтан ТЖД 8 (7172) 24-52-12, 24- 51-71, 24- 51- 47
Т. Раушанұлы