- Негізгі бет
- Мәңгілік ел
- Алматы қаласына кімдер...
Алматы қаласына кімдер әкім болған?
Бүгін Алматы қаласының әкімі болып Ерболат Асқарбекұлы Досаев тағайындалды. Ал бұған дейін Алатау бөктеріндегі алып шаһарға кімдер әкім болған еді?
Тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде Алматы қаласында көптеген өзгерістер болды. Атауынан бастап аудандарына дейін ауысты. Әр әкім қаланың көркейіп дамуына барынша үлесін қосты. Олар кімдер еді?
Заманбек Нұрқаділов
Басқарған жылдары: 1992 – 1994
Қоғам қайраткері. Қызметін құрылыс саласынан бастаған. Одан кейін саясат жолына түскен. 2005 жылдың 12 қарашасында қайғылы жағдайда қайтыс болды.
Шалбай Құлмаханов
Басқарған жылдары: 1994 – 1997
ҚР мемлекеттік қайраткері, Алматы және Алматы облыстарында әкім болған. Қазіргі таңда ірі кәсіпкерлердің бірі.
Виктор Храпунов
Басқарған жылдары: 1997 – 2004
Алматының бұрынғы әкімі, Қазақстанның бұрынғы энергетика министрі, 73 жастағы Виктор Храпунов қазір Швейцарияда тұрып жатыр. Храпуновқа және оның жақындарына Қазақстан билігі сыбайлас жемқорлық айыптары бойынша іздеу жариялаған.
Иманғали Тасмағамбетов
Басқарған жылдары: 2004 – 2008
Мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі саясаткер. Қазақстан Республикасының бесінші премьер-министрі болған және бірнеше министрлік пен облыс, қаланы басқарған. 2019 жылы Ресейдегі елшілік қызметінен зейнетке шықты.
Ахметжан Есімов
Басқарған жылдары: 2008 – 2015
Еңбек жолын 1968 жылы бастаған. Инженер, ауылшаруашылық кәсіпорны директоры қызметінен бастап жоғарылаған. Экономика ғылымдарының докторы. Қазір Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың штаттан тыс кеңесшісі.
Бауыржан Байбек
Басқарған жылдары: 2015 – 2019
Саясаткер және мемлекет қайраткері. Қазір "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары.
Бақытжан Сағынтаев
Басқарған жылдары: 2019 – 2022
ҚР мемлекет қайраткері, бұрынғы премьер-министр. Экономика ғылымдарының докторы. Алматы қаласы әкімі болғанға дейін ҚР Президенті әкімшілігінің төрағасы болды.
Ерболат Досаев
Басқарған жылдары: 2022 -
Тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде қала билігін қолына алған 8-ші әкім. 2019 жылдың ақпанынан бүгінге дейін Ұлттық банк төрағасы қызметін атқарып келді.
Н. Үсенова