Жаһандық даму қарқыны артқан сайын әлсіз елдерді тарих сахнасынан ысырып таптау түкке тұрмай қалды. Осы көште алда келе жатқан елдерден озбағанның өзінде ілесіп отырудың өзі оңайға соқпайды. Десе де, тәуелсіз Қазақстан жұрты діттеген жолынан тайған емес. Бұл орайды елбасының салиқалы саясаты негізінде құрылған ұлттық жоспардың бағдар ретінде сілтеген жолымен қарқынды жүріп өту керек. Елбасымыз жасаған Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша100 нақты қадам Ұлт жоспары оны жүзеге асыру жолында бірлесе еңбектенетін халықтың бірлігінің кепілі іспетті. Қазақстан ұлты бірлігінің күштілігі осы жылдар бойы жолыққан әр кедергіден сүрінбей өтіп, әр мақсатқа жұмыла жетуге көмектесіп келеді. Байқаған адамға, бүгінгі таңда әлем бойынша алдыңғы қатарлы мемлекеттер біртұтас ұлттар.Біздің еліміз өзінің табысты даму моделімен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің қаншалықты маңызды екенін көрсетіп келе жатқаны ақиқат.Бізді бірыңғай экономикалық, саяси және мәдени рет-тәртіппен өмір сүріп, дамудың ортақ мақсаттары, жеке адамның табысы мемлекеттің қуатымен және табыстылығымен ажырағысыз байланысты екендігіне деген бірегей түсінік біріктіріп ұстап отыр. Бүгінде әлемнің барлық дамыған елдері өздерінің жаңғыртушы жобаларын бұрыннан қалыптасқан біртектілік негізінде жүзеге асырады. Қазақстанға келер болсақ, біз де осы жолға түстік.Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, біртектілік пен біртұтастық саласында әмбебап стандарттар мен ұсынымдамалар жоқ. Әлемде бірде-бір ел осы саладағы сын-қатерлерге дайын рецепттерге, модельдер мен жауаптарға ие емес. Бірлік және азаматтық біртектілік негізінде ұлтты дәйектілікпен қалыптастыру жолы - біздің артықшылық. Қазақстандықтардың азаматтық біртектілігі мен біртұтастығын нығайтуға бағытталған төртінші реформаның мәні де дәл осында.Бізде қазірдің өзінде екі негіз бар, оларды дамыта отырып, біз өзіміздің Болашағы Біртұтас Ұлтты дәйекті түрде нығайта беретін боламыз. Бірегей Ұлттық мерекелер күнтізбесін құру бойынша жұмыс жоспары да өзекті. Қазақстандық БАҚ-тарды жаңғырту, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ілгерілету, бірқатар мәдени-білім беру және ақпараттық жобаларды жүзеге асыру жоспарлары жүзеге асырылатын болады. Әлемнің озық елдерінің қатарына қосылу тұтас ұлттың арманы. Еліміз өзіміздің жаңа арманымызға қарай жақындауды Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша100 нақты қадам Ұлт жоспарынжасаудан бастады. Бұл 100 қадам елімізді, экономикамызды, қоғамды өзгертетін тарихи мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған болып саналады. Ғаламшардағы ең алдыңғы қатарлы елдерменбіріктіретін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкес келетін елді дамыту, экономикалық өсім мен отандастарымыздың әлеуметтік жағдайын жақсарту жолында жағдайлар қалыптастырады. Осының нәтижесінде еліміздің жағдайы әлдеқайда тұрақталып, көркейе түседі деген зор үміт бар. Осы жылдар аралығындаБес институттық реформаның жүзеге асырылуы бойынша орасан зор жұмыс атқарылды. Бұл жұмыс президент Жарлығы бойынша құрылған Жаңғыртулар жөніндегі ұлттық комиссияның басшылығымен жүргізілді.Кейін сарапшылармен, саясаткерлермен, бизнес және қаржы ұйымдарының басшыларымен бірқатар кеңес өткізілді. Жалпы, президенттің Елімізді тұтас жаңғырту жолында қойған мақсат-міндеттерінің бәріне жан-жақты қолдау көрсетілді.Әлеуметтік сауалдамалар да Ұлт жоспарының барлық бес реформасына тұрақты жоғары қолдау көрсетіліп келе жатқанына күмән келтіруге жол бермейді.Қазірдің өзінде барлық қажетті заңдар қабылданды және заңдық күшіне енді. Елбасымыздың сындарлы саясаты қашан да еліміздің әр азаматын бағалап, оның әл-ауқатын арттыруды ең бірінші орынға қойып келгені баршаға мәлім. Отанымыздың тәуелсіздікке қол жеткізгеніне ширек ғасыр уақыт өтсе де, тарих сахнасында ұлт ретінде орныққан орны бар. Бұл, ең алдымен, осы елдің, осы ұлттың әр азаматының бәсекеге қабілеттілікке кепіл болатын әлеуметтік жағдайының жоғарылығынан болса керек. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 100 нақты қадам Ұлт жоспары атты ұсынысында түрлі саланың қай-қайсысы да тек сапалы өмір сүретін азаматтар күшімен ғана дамитыны айтылады. Осы мақсатпен Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексі қабылданды. Ол Халықаралық еңбек ұйымы еңбек стандарттарына негізделген.Еңбек шарты жағдайларын өзгерту ресімдері заңнамалық тұрғыда оңайлатылған, еңбек ұжымдарында өзін өзі басқару жүйесін енгізу бойынша шаралар, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің ұжымдық келіссөздері тетігі қарастырылған.Білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау салаларын реформалау адам әлеуетінің сапасын арттыруға жағдай жасайды. Мектепке дейін және мектепте білім берудің жаңа үйлестірілген стандарттарын даярлау және бекіту бойынша жүрігізіліп жатқан жұмыстар білім беру саласына жаңалықтар алып келді.Ендігіде білім беру үш тілде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілетін болады. Міндетті медициналық сақтандыруды енгізутұрғындардың денсаулығын сақтау саласындағы басты міндет. Медициналық көмек көрсету саласында өзара бәсекеге қабілетті жеке медициналық орындардың пайда болуы оның көлемін ұлғайтады және денсаулық сақтау қызметінің сапасы да осының негізінде артады. Медициналық қызметтің сапасы бойынша бірлескен комиссия құрылып, жұмыс барысын қадағалап отырады. Медициналық мекемелерде басқарудың корпоративтік моделін енгізу қарастырылған.Мұндай көмек табыстары Қазақстанның әр отбасы мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50 пайыз төмен отбасыларына көрсетілетін болады. Қорыта айтқанда, жаңа әлеуметтік саясаттың аса маңызды қыры адам әлеуетін дамытуға инвестициялардың біртіндеп өсіп отыруына байланысты болмақ. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 100 нақты қадам Ұлт жоспарының әр қадамы мінсіз орындалып, жүзеге асуына басты себепкер мен қозғаушы күш болып отырған еліміздің халқы атқарылған істің оң нәтижесі өз өмірінің сапасын арттыруға қызмет ететінін жақы түсінеді. Қай уақытта Қазақстан осы жерді мекен еткен ұлттар достастығымен танымал болды. Болашаққа жасалған қадам халық біртектілігі мен бірлігі негізінде ғана нәтижелі болатынын ел азаматтары жақсы біледі. Мәңгілік Ел атану жолында тынымсыз еңбектеніп келе жатқан Елбасымыз мемлекет шеңберінде және одан тыс жерлерде көптеген реформалар ұсынып, олардың жүзеге асуын қадағалап келеді. Ал осы орайда нәтиже көрсетуі үшінқадам халық біртектілігі мен бірлігінің мықтылығы айтарлықтай рөл атқаратынын анық. Жаһандық даму әлсіз елдерді тарих сахнасынан ысырып таптауға қауқарлы. Осы көште алда келе жатқан елдерден озбағанның өзінде ілесіп отырудың өзі оңайға соқпайды. Десе де, тәуелсіз Қазақстан жұрты діттеген жолынан тайған емес. Бұл орайды елбасының салиқалы саясаты негізінде құрылған ұлттық жоспардың бағдар ретінде сілтеген жолымен қарқынды жүріп өту керек. Әлемнің озық елдерінің қатарына қосылу тұтас ұлттың арманы. Еліміз өзіміздің жаңа арманымызға қарай жақындауды Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша100 нақты қадам Ұлт жоспарынжасаудан бастады. Тәуелсіз еліміздің өмір жолында бұдан да үлкен қияндықтарды бағындырып келген ұлт үшін бұл жоспарды жүзеге асыру сынақ болмасы анық. Біздің бәріміз жаңғырудың тек қуатты мемлекет пен Ұлттың топтасқандығы жағдайында ғана табысты болады, тәртіп сақталуы да шешуші рөл атқарады. Осы орайда Мемлекет басшысы біріншіден, Мәңгілік Ел патриоттық актісін дамыту; екіншіден, Қазақстан халқы Ассамблеясының Үлкен отбасы - үлкен мемлекет ауқымды жобасын жүзеге асыру; үшіншіден, Менің елім азаматтық біртектілікті нығайту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу және енгізу; төртіншіден, жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ілгерілету жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу және енгізу; бесіншіден, Нұрлы Болашақ жобасын әзірлеу және енгізу; алтыншыдан, ақпараттық қолдау және бес институттық реформаның жүзеге асырылуына жәрдемдесу сынды тапсымалар берді. Қазақстандық қоғам адалдық, азаматтық теңдік, зайырлылық, толеранттылық сынды құндылықтар негізінде бірлікте өмір сүріп келеді. Бұл тұрақты құндылықтар әрбір қазақстандықтың өмір салты, күнделікті өмірдің бөлігі болып табылады. Қазіргі таңда Елбасының бірлік, бейбітшілік, келісім және қазақстандық патриотизм идеяларын қолдайтын жас қазақстандықтардың саны артып келе жатқандығына ерекше назар аудара кету керек. Себебі, жастар болашақта стратегиялық құжаттарда қойылған міндеттерді орындауға, елді дамытуға, жаңа экономикалық және саяси жетістіктерге жетуге негізгі себепкер болады. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 100 нақты қадам Ұлт жоспарының жүзеге асуына осы елді мекен етуші түрлі ұлт өкілдерінің өзара татулықта болуы елімізді дамыту жолында атқарылған істің оң нәтижесін, зейнетін көруге бастайды.