- Негізгі бет
- Мәңгілік ел
- Алдағы 3 күнге...
Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы
Фото:
freepik.com
Қазгидромет Қазақстан бойынша алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Қазақстанның көптеген облыстарындағы жаңбыр толастамай тұр. Оған циклон, және онымен байланысты атмосфералық фронттар себеп болды. Республиканың шығыс және оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты нөсер болды.
Алдағы үш тәулікте циклон және онымен байланысты фронттар шығысқа жылжып, бұрыңғыдай найзағаймен өткінші жаңбыр, шығыста және оңтүстік-шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр және ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Тек батыста, 9-10 маусымда солтүстік-батыста антициклонның таралуымен жауын-шашынсыз болады, күндізгі ауа температурасы плюс 28…33°С дейін, кей жерлерде 35…38°С дейін ысиды.
Т. Раушанұлы