Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Крол елорда туралы қазақ тілінде өлең оқып берді.Елшіліктің Фейсбук және Инстаграм парақшасында елшінің елорданы аралап жүріп, Астана жайлы өлең оқып бергені түсірілген шағын ролик жарияланды.Маған бұл қала өте ұнайды. Ол АҚШ астанасы Вашингтонға ұқайды, дейді елші көшеде өтіп бара жатқан қала тұрғындарымен әңгімелесіп келе жатып. Елорда тұрғынының Астана америкалық орталықтан жақсырақ екенін естіген елші оның сөзімен келісетінін айтады. Бәлкім, иә. Қауіпсіздігі жағынан басымырақ. Өте көркем әрі заманауи қала, дейді ол.Роликтің соңында елші ағылшын тілінде қазақстандықтарды құттықтап, қолына Қазақстанның Туы түстес ту ұстап тұрып балалармен бірге сапқа тұрып, 20 санын көрсетеді. Дерекккөз: Ұлт ақпарат