- Негізгі бет
- Мәңгілік ел
- Адам әлеуетін арттыруды...
Адам әлеуетін арттыруды мақсат тұтқан ұлт жоспары
Еліміздің басты қазынасы, әрине, ең алдымен, адам екені ақиқат. Тарих сахнасында ұлт ретінде мәңгілікке орнау үшін оның өкілдерінің әлеуеті жоғары болуы тиіс. Онсыз нәтиже жоқ. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “100 нақты қадам – Ұлт жоспары” атты ұсынысында да осыны мәселе баса назар аударады. Жоба қамтитын түрлі саланың қай-қайсысы да тек сапалы өмір сүретін азаматтар күшімен ғана дамымақ.
Осы мақсатпен Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексі қабылданды. Ол Халықаралық еңбек ұйымы еңбек стандарттарына негізделген. Еңбек шарты жағдайларын өзгерту ресімдері заңнамалық тұрғыда оңайлатылған, еңбек ұжымдарында өзін өзі басқару жүйесін енгізу бойынша шаралар, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің ұжымдық келіссөздері тетігі қарастырылған. Білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау салаларын реформалау адам әлеуетінің сапасын арттыруға жағдай жасайды.
Мектепке дейін және мектепте білім берудің жаңа үйлестірілген стандарттарын даярлау және бекіту бойынша жүрігізіліп жатқан жұмыстар білім беру саласына жаңалықтар алып келді. Ендігіде білім беру үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілетін болады.
Міндетті медициналық сақтандыруды енгізу – тұрғындардың денсаулығын сақтау саласындағы басты міндет. Медициналық көмек көрсету саласында өзара бәсекеге қабілетті жеке медициналық орындардың пайда болуы оның көлемін ұлғайтады және денсаулық сақтау қызметінің сапасы да осының негізінде артады. Медициналық қызметтің сапасы бойынша бірлескен комиссия құрылып, жұмыс барысын қадағалап отырады. Медициналық мекемелерде басқарудың корпоративтік моделін енгізу қарастырылған. Мұндай көмек табыстары Қазақстанның әр отбасы мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50 пайыз төмен отбасыларына көрсетілетін болады.
Қорыта айтқанда, жаңа әлеуметтік саясаттың аса маңызды қыры адам әлеуетін дамытуға инвестициялардың біртіндеп өсіп отыруына байланысты болмақ. Бізге Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын табанды түрде өмірге енгізу қажет.
А. Оралқызы