Egemen Qazaqstan: Конкурс уақыты ұзартылды

Құрметті жас журналистер! Сіздерге "Egemen Qazaqstan" газетінің жас журналистерге арналған сыйлығы үшін конкурс уақытының ұзартылғанын хабарлаймыз! 

Комиссия  алқасы ұйғарғандай, жаз айларында іс-шаралардың көптігіне байланысты, сондай-ақ жас әріптестерге әлде де болса мүмкіндік бере отырып, материалдар 2019 жылдың 10 қыркүйегіне дейін қабылданады. 
"Egemen Qazaqstan" газетінің жас журналистерге арналған сыйлығы үшін конкурсқа қатысу ережесі бұрынғыдай: 
1. Жалпы ережелер 
1.1. Байқауды ұйымдастырушы –  "Egemen Qazaqstan" РГ" АҚ. Орналасқан мекен жайы:  Астана қаласы, 010000, "Egemen Qazaqstan" газеті көшесі, 5/13. 
1.2. Конкурстың мақсаты – жас журналистерді кәсіби тұрғыдан ынталандыру, олардың кәсіби біліктіліктерін көтеру. 
1.3. "Egemen Qazaqstan" газетінің жас журналистерге арналған сыйлығы үшін конкурс жылына 1 рет жарияланады. 
1.4. Конкурсқа 18 бен 35 жас аралығындағы журналистер қатыса алады. 
1.5. Үміткерлердің материалдары  конкурстық комиссияның ұйғарымымен 2019 жылдың 10 қыркүйегіне дейін қабылданады. 
1.6. Конкурстың  тақырыбы жыл сайын өзгеріп тұрады және оны "Egemen Qazaqstan" РГ" АҚ редакция алқасы бекітеді. 
1.7. Конкурсқа келіп түскен материалдарды "Egemen Qazaqstan" газетінің редакция алқасынан құралған комиссия (бұдан әрі – конкурстық комиссия) бағалайды. 

2. Конкурсқа қатысу шарты 
2.1. Конкурсқа "Egemen Qazaqstan" газетінде және egemen.kz сайтында жарияланған хабарландыруда ұсынылған тақырыпқа сәйкес келетін тақырып аясында жазылған және "Егеменнің" жүлдесі үшін конкурсқа" деген айдар қойылған материалдар қабылданады. 
"Egemen Qazaqstan" газетінің жас журналистерге арналған сыйлығы 2019 жылы "Egemen Qazaqstan" – 100 жылдық жылнама" деген тақырып аясында қазақ баспасөзінің тарихына, қазіргі баспасөздегі трендтер мен технологиялық жаңалықтар сияқты бағыттарды қозғауы тиіс.   
2.2. Конкурсқа арналған материалдар Times New Roman 14 шрифтімен 1,5 интервалында жазылып, көлемі 3,5  беттен аспауы тиіс.  Сапалы суреттерімен жіберілсе, құба-құп. 
2.3. Конкурсқа жіберілген материал мен суреттер бұрын басқа басылымдарда жарияланбаған болуы тиіс. Бұл орайдағы жауапкершілік авторға жүктеледі. 
2.4. Конкурсқа арналған материалдар info@egemen.kz электронды байланыс желісіне «Егеменнің жүлдесі үшін конкурсқа» деген айдармен жіберілуі қажет. 

3. Конкурс қорытындысы 
3.1. Конкурстық комиссия конкурс қорытындысын материал қабылдау аяқталған күннен бастап, 1 (бір) апта ішінде шығаруға міндетті.  
3.2. Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес, 1, 2, 3 орындар жүлделі орын ретінде белгіленеді. Олардың әрқайсысына: 1 орынға – 500 000 теңге, 2 орынға – 300 000 теңге, 3 орынға – 200 000 теңге ақшалай сыйлық және арнайы кәдесыйлар тапсырылады;  
Қосымша ынталандыру сыйлығы Конкурстық комиссияның ұсынысымен тағайындалуы мүмкін.