Еліміздің бас шыршасының шамын жағу рәсімі қайда өтеді?

Еліміздің бас шыршасының шамын жағу рәсімі қайда өтеді?
Фото: astana.gov.kz

Еліміздің жаңа жылдық бас шыршасы дәстүрлі түрде ЭКСПО көрмесінің аумағында орналасқан. 25 метрлік жаңа жыл символын жағу рәсімі 19 желтоқсанда өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

19 желтоқсанда сағат 19:00-де ЭКСПО көрмесінің аумағында "Нұр Әлем" сферасының жанында еліміздің бас жаңа жылдық шыршасын жағу рәсімі өтеді.

Іс-шараның ресми бөлімінен кейін қонақтар үшін мерекелік концерт өтеді. Сахнада танымал эстрада орындаушылары мен елорданың жас музыканттары өнер көрсетеді. Жұлдызды орындаушылардың арасында - Маржан Арапбаева, әнші Дос, Ринат Малцагов бар. Бұл кешке жаңа жылдың басты кейіпкерлері - Аяз Ата мен Ақшақар да қатысады.

Іс-шараға барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Дегенмен барлық санитарлық нормаларды сақтау керек.

А. Жапатова