Сәуірде 42 500 теңгені кім алмайтыны белгілі болды

Сәуірде 42 500 теңгені кім алмайтыны белгілі болды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев айтты.

"Бұл төтенше жағдай үшін ай сайынғы төлем. Төтенше жағдай 30 сәуірге дейін ұзартылғандықтан, екінші төлем наурыз айында немесе сәуірдің басында алған адамдарға төленеді. Екінші төлем біріншісін алғаннан соң бір айдан кейін беріледі. Бірақ төтенше жағдай уақыты аяқталғанаға дейін ғана. Сәуір айының соңына дейін барлығы екінші төлем алады", - деді вице-министр әлеуметтік желідегі тікелей эфирде.

Біржан Нұрымбетов: "Бейресми жұмыс істейтіндер де 42,5 мың теңге алады"

Сонымен қатар ол екінші төлемді бәрі бірдей ала алмайтындығын атап өтті.

"Біз екінші төлем туралы қосымша мәлімдеме сұрамаймыз, сонымен бірге аудандық жұмыспен қамту басқармасынан тексереміз. Енді өздеріңіз білетіндей, кәсіпорындарды кезең-кезеңімен іске қосу жоспары қабылданды. 20 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан және Алматыда кейбір кәсіпорындар жұмыс істей алады. Жұмысы қайта қалпына келтіріліп, жалақы алатындарға екініші жәрдемақы тағайындалмайды. Ол үшін еліміздің кез келген азаматы egov.kz сайтындағы арнайы бөлімге кіріп : "Жәрдемақыдан бас тартамын" деуі керек", - дейді Мұқышев.

Еңбек министрі мәлімдемесі: 85 мың теңге кімге төленеді?

Айта кетейік, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов алынған 42 500 теңге үшін бір де бір Қазақстан азаматы жауапқа тартылмайды деген еді.