Коронавирус жұқтырған тағы бір адам Алматыда тіркелді.
Осылайша, Қазақстанда қауіпті індетке шалдыққандардың саны 229 адамға жетті.
"Нұр-Сұлтанда – 135, Алматыда – 60, Қарағанды облысы – 7, Шымкентте – 2,
Ақмола облысы – 6, Алматы облысы – 4, Ақтөбе облысы – 1, Атырау облысы – 5,
Шығыс Қазақстан облысы – 2, Жамбыл облысы – 3, Қызылорда облысы – 1,
Павлодар облысы – 1, Солтүстік-Қазақстан облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1", - делінген хабарламада.
Коронавирустан 18 адам жазылды, ал 1 адам қайтыс болды.