- Негізгі бет
- Мәңгілік ел
- Қасым-Жомарт Тоқаев: "Азық-түлік...
Қасым-Жомарт Тоқаев: "Азық-түлік қымбаттамайды"
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жолдады.
Президент өз үндеуінде "азық-түлік негізсіз қымбаттамайды", - деді. Қасым-Жомарт Тоқаев қажетсіз дүрлікпеуге шақырды.
"Негізсіз дүрлікпеуіміз керек. Тек сенімді ақпарат көздеріне сеніп әрекет етіңіздер. Отбасылық шараларды уақытша тоқтатуды ұсынамын. Барлық санитарлық шаралар күшейтілген. Ауруханаларда орын жеткілікті", - деді Президент.
Сондай-ақ, Президент қолды жиі жуып, халық көп жиналатын жерлерге бармауға шақырды. Жалған ақпарат таратқандар жазалатынын айтты.
"Біз небір қиындықтардан өттік. Бүкіл халықты сабыр сақтауға шақырамын. Халқымыз аман-жұртымыз тыныш болсын. Біз біргеміз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Естеріңізге сала кетсек, ҚР Президентінің Жарлығымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыз 08 сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуір 07 сағат 00 минут аралығында төтенше жағдай енгізілді. Сондай-ақ Қазақстан азаматтарына 15 сәуірге дейін ел аумағынан шығуға тыйым салынды.
Т. Раушанұлы