Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Қазақ қалай көңіл айтқан?

Қазақ қалай көңіл айтқан?

Қазақ қалай көңіл айтқан?

Көңіл айту – азалы адамды жұбатуға арналған дәстүрлі ғұрыптық салт. Бұл ізгі дәстүр көп халықтарда ертеден бар. Көңіл айту – жаны ашығандықты, қайғыға ортақтықты, жақындықты, сыйластықты білдіреді. Қазақ халқында кісі, отбасы, ауыл, ру басына түскен қайғы-қасірет, өлім-жетімге байланысты көңіл айту қара сөзбен де, өлеңмен де айтылады.

Қаза алдымен естіртіледі де, содан кейін көңіл айту басталады. Көңіл айтуға жұбату жалғасады. Бұл ғұрыптық салттардың бәрі өзара сабақтасып, адам ойын тереңнен тербеп, қайғысын сейілтетін ойлы, ұтқыр сөздермен көркем жеткізіледі. Негізгі ой мақал-мәтелмен алыстан орағытыла келе, қайғылы адамның жігерін қайрап, үмітін жебейді. Мысалы, Байдалы би Уәлидің кіші әйелі Айғанымға: “Үміт, сенім, тілек бар, қуантып, қуат алдырар. Жылау деген азап бар, қуартып отқа жандырар. Мен қайғыңды қозғағалы келгем жоқ, қайратыңды қолдағалы келдім” деген екен. 

Бөлтірік шешен қырғыз билеушісінің баласы қайтыс болғанда:

“Аққу құсқа оқ тисе, қанатын суға тигізбес,
Әлімдердің ақ сөзі, өлгеніңді тірілтіп, өшкеніңді жандырар.
Дос көтетрер өлімді,
Бекем бу төрем беліңді!”, - деп көңіл айтыпты. 

Қазалы үйге барғанда “Өлгеннің соңынан өлмек жоқ, өлгенге қайтып келмек жоқ”, “Ат тұяғын тай басар”, “Арты қайырлы болсын, қалғанына өмір берсін”, “Алла сіздерге сабыр берсін”, “Өмірден өткен жан иманды болсын, топырағы торқа, жатқан жері жайлы болсын”, “Амал дәптері оң жағынан ашылсын, Алла алдынан жарылқасын”, “Орнында бар оңалар” деген сияқты көңіл айтылады. 

Адамның қайғысын бөлісу қазақ қоғамында ертеден тамырын үзбей келе жатқан рәсім.

0
Рейтинг: +0

Фото: GetBg.net
Қосылған күні: 28 желтоқсан 2019, 11:31

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.