Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады

Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады
Фото: facebook.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бұл туралы Президент баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook әлеуметтік желісінде мәлімдеді. 

Еске салайық, бүгін Bek Air әуе компаниясының Алматы - Нұр-Сұлтан бағытындағы 2100-рейсі сағат 07:05-те ұшып, радардан жоғалып кеткен. Көп өтпей бортында 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған ұшақтың апатқа ұшырағаны белгілі болды.    ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда Bek Air ұшағы апаты кезінде қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, "апатқа кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады",- деді. 

Қаза болғандардың саны нақтылануда. Telegram және WhatApp қолданушылары апатқа ұшыраған ұшақтың суреттерін әлеуметтік желіде жариялап жатыр.  

Т. Раушанұлы