ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда Bek Air ұшағы апаты кезінде қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter әлеуметтік желісінде жазды.
"Бүгін Алматы маңындағы жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Апат себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады", - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter желісінде.
Бүгін Алматы маңындағы жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Апат себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) December 27, 2019Еске салайық, Бүгін Bek Air әуе компаниясының Алматы - Нұр-Сұлтан бағытындағы 2100-рейсі сағат 07:05-те ұшып, радардан жоғалып кеткен. Көп өтпей бортында 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған ұшақтың апатқа ұшырағаны белгілі болды.
Қаза болғандардың саны нақтылануда. Telegram және WhatApp қолданушылары апатқа ұшыраған ұшақтың суреттерін әлеуметтік желіде жариялап жатыр.
Bek Air ұшағы құлағаннан кейін шұғыл желі ашылды.
Жедел желі нөмірі: 8 (7172)53-32-84
Алматы облысы ТЖД 8 (7282) 22-02-13, 22-02-18
Нұр-Сұлтан ТЖД 8 (7172) 24-52-12, 24- 51-71, 24- 51- 47