Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / ЮНЕСКО байқау жариялады

ЮНЕСКО байқау жариялады

ЮНЕСКО байқау жариялады

Алматыда орналасқан ЮНЕСКО бюросы Халықаралық сауаттылық күні аясында визуальды сторителлинг үлгісінде "Көптілділік және сауаттылық: Қазақстан және әлем құндылығы" деген тақырыпта байқау жариялады.

Байқау талаптары:

• Үлгісі: Визуальды сторителлинг. Қатысушылар видеороликтер (5 минуттан аспауы тиіс) немесе фото-әңгімені (сурет саны 10-нан аспау керек) өздерінің әлеуметтік желідегі парақшаларында(Facebook, Instagram, YouTube) #UNESCOLiteracyDay2019 хэштегімен жаряилайды. Видео мен суреттерге мәтінді сипаттама беруі тиіс. 
• Контент: Байқаудың тақырып аясы Қазақстандағы көптілділік пен сауаттылықпен байланысты. Қатысушылар мәдениет, тіл не Қазақстанда өмір сүріп жатқан өзге халықтардың өмірі мен ерекшелігін баяндайды.Өзінің әңгімесін сурет не видео ретінде жеткізуі тиіс.
• Тіл: Қазақстанда тұратын барлық ұлттың тілі;
• Қатысушылар: Алматы қаласындағы орта білім беретін мектепте білім алып жатқан оқушылар жеке немесе 3 адамдық топ ретінде қатыса алады.

Байқауға өтініш беру үшін: 
Визуальды сторителлинг байқауына тіркелу.
Қатысушылар ЮНЕСКО Алматының Facebook парақшасындағы жазбаға пікір ретінде өз жазбаларының сілтемесін қалдырады. Әр пікірде толық аты-жөні, мектеп атауы, сыныбы көрсетілуі тиіс. Мысалы: Нұрлан Омаров, №56 мектеп, 9-сынып, сілтеме. Қатысушылардың аккаунттары байқау кезінде ашық болуы тиіс.

Өтінішті қабылдау уақыты: 2019 жылдың 1-тамызынан 30-қыркүйекке дейін. 

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мынадай сыйлыққа ие болады:

• 1-орын: Смартфон
• 2-орын: Сыртқа хард диск
• 3-орын: Сыртқы аккумулятор (power bank)

Өз бағыңызды сынап көріңіз!

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: 3m2.kiev.ua
Қосылған күні: 13 қыркүйек, 17:07
Тегтер: ЮНЕСКО, байқау, бақ,

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.