Қазгидромет: 12-14 қыркүйекте Қазақстанда аяз болады

Қазгидромет: 12-14 қыркүйекте Қазақстанда аяз болады

12-14 қыркүйек аралығында Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында аяз болады, - деп хабарлайды Массагет порталы “Қазгидромет” РМК-ға сілтеме жасап.

Алдағы күндері Ресейдің еуропалық бөлігінің орталық аймақтарынан ауысатын антициклон Қазақстанның көптеген аймақтарында қысқа мерзімді жауын-шашынның тоқтауына себеп болады. Ал Республиканың солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең күн суытып, аяз 1-3 градусқа дейін жетеді деп күтілуде.

12 қыркүйекте Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, облыстарда кей жерлерде тұман болады, кей жерлерде 1-3 градусқа дейін аяз болады. 

Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында бұл күні желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 

Дәл осындай жел Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарында күтіледі. Қызылорда облысында желмен бірге шаңды дауыл көтеріліп, Шығыс Қазақстанда бұршақ жауады. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Эпилог"
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Эпилог"
Жылқы жүрісінің түрлері
Жылқы жүрісінің түрлері
Пәтер сатып аларда ескеретін жайттар
Пәтер сатып аларда ескеретін жайттар
Алматыда журналистер аллеясы ашылды
Алматыда журналистер аллеясы ашылды
Әмиянға салуға болмайтын 7 зат
Әмиянға салуға болмайтын 7 зат
9 айда 5 миллионға жуық профилактикалық тексеру жүргізілді – ӘМСҚ
9 айда 5 миллионға жуық профилактикалық тексеру жүргізілді – ӘМСҚ