Журналистер күні ресми бекітілді

Журналистер күні ресми бекітілді
Фото: anaphorarecords.com

Қазақстанда 28 маусым күні бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі атап өтетін болады. Үкіметтің тиісті Қаулысы жарияланды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы (2019 жылғы 25 маусым №431 Нұр-Сұлтан, Үкімет Үйі)

"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сəйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ етеді:

1. "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., №53, 343-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде:
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

"6-1. Байланыс жəне ақпараттандыру қызметкерлері күні - 17 мамыр";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні - 28 маусым".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.МАМИН

Т. Раушанұлы