Алматы метросында тегін Wi-Fi пайда болды

Алматы метросында тегін Wi-Fi пайда болды
Фото: freepik.com

Қала әкімшілігі "Жібек жолы" станциясына тегін қоғамдық Wi-Fi желісін орнатты. Бұл туралы әкім орынбасары Ерлан Әукенов фейсбук-парақшасында хабарлады.

Wi-Fi әзірге тек бір станцияда бар, қалған сегіз станцияға 2019 жыл барысында орнатылмақ. Орнатылу уақыты мынадай:

• Алмалы станциясы – мамыр айы;
• Райымбек батыр – маусым;
• Абай – шілде;
• Байқоңыр, М.Әуезов театры – тамыз;
• Алатау – қыркүйек;
• Сайран, Мәскеу – қазан.

Интернетке қосылу үшін, Almaty Metro Free Wi-Fi желісіне кіріп, бастау парақшасында қосылуды растап, деректерді толтырып, хабарламаны күту керек. Кодты енгізіп, интернетті игілігіңізге пайдалана берсеңіз болады.

"Қала тұрғындарына идея үшін, "Транстелеком" компаниясына жылдам жұмыс үшін алғыс айтамын" – деп аяқтады жазбасын Ерлан Әукенов.

Massaget.kz