Қасым-Жомарт Тоқаев неше тіл біледі?

Қасым-Жомарт Тоқаев неше тіл біледі?
Фото: kp.ru

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ана тілінен бөлек, орыс, ағылшын және қытай тілдерін жетік меңгерген. Сондай-ақ, француз тілінде сөйлей алады.

- Ол біздің елшілікте, Кеңес үкіметінің Қытайдағы елшілігінде жұмыс істеген. Ағылшын тілін де, қытай тілін де жетік біледі. ММХҚИ-ді аяқтаған. Ол елшіліктегі қытай тілін ең жақсы меңгергені болатын. Елшіге тамаша аударып беретін, - деді БҰҰ бас хатшысының бұрынғы орынбасары Сергей Орджоникидзе РИА Новостиге берген сұқбатында.

1970 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтына оқуға түсіп, 5-ші курста КСРО-ның Қытай халық Республикасындағы елшілігінде жарты жыл диплом алды тәжірибеден өткен. Ал 1983 жылы Бейжің лингвистикалық университетінде 10 айлық тағылымдамада болған. Қасым-Жомарт Тоқаев қытай тілінде еркін сөйлейтінін 2016 жылдың 6 желтоқсанында "аспан асты еліне" сапары кезінде Қытайдың халықаралық проблемаларды зерттеу институтында көрсеткен болатын.

Ал 2018 жылдың маусым айында BBC арнасына ағылшын тілінде сұқбат берген.

Ресейде өткен футболдан әлем чемпионатында Франция құрамасының жеңісімен франуз тілінде құттықтаған.

- Félicitations à la France pour une grande victoire! (Францияны ұлы жеңісімен құттықтаймыз!), - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев желіде белсенді. Жуырда бес тілді меңгерген Президент ағылшын тілін бірінші сыныптан үйретудің қажеті шамалы екенін, әуелі қазақ және орыс тілдеріне ден қою керек екенін жазған болатын.

А. Рысдәулет