Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / "2019 жыл – Жастар жылы" бастамасы қалай пайда болды?

"2019 жыл – Жастар жылы" бастамасы қалай пайда болды?

ҚР Президенті 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған еді. Оның ашылу салтанаты 23 қаңтарда Астанадағы EXPO-2017 көрме орталығындағы "Нұр Әлем" павильонында өткен еді. Үкіметтің биылғы жылды Жастар жылы деп жариялау туралы жобасы қашан басталды?

Жастар жылы жобасы 2018 жылдың қазанында даярлана бастады. Нақтырақ 2018 жылғы 19-20 қазан күндері Астана қаласында «Инвестиция – жастарға! Ешкімді тыс қалдырмайық» тақырыбында халықаралық конференцияда алғаш рет айтылған еді. 

Былтыр өткен конференцияда жиынды ашқан Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин әрбір елде, әр қоғамда жастардың орны бөлек, олар қоғамның, халықтың, ұлттың болашағын қалайды, - деді. Осы жолда Қазақстан прези­денті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алғаннан бастап, жастар мәселесіне зор көңіл бөліп келе жатқанын атап өткен палата спикері, ола­дың барлығын жан-жақты қолдау үшін Парламентте де тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын айтып өтті.

– Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Сонымен қатар жастар саясатына қатысты бір­қатар нақты тапсырмалар берді. Олардың барлығы жас­тардың рө­лін арттыруға, өмір сапасын жақ­сартуға, бәсекеге қабілетін күшейтуге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Олар халықтың белсенді бө­­лі­гі болуымен қатар, ұлттық бәсе­кеге қа­бі­­летін арттырудың маңыз­ды факторы, – деді Нұрлан Нығматуллин.

Екі күн бойы өткен конференция Астана деклара­ция­сының қабылдануымен аяқ­талады.  Қабылданған Астана конференциясы бүкіл Азия елдерінің жастар мәселелерін шешуге және жастарды қолдауға оң серпін береді.  Конференция нәтижесінде атқарылатын іс-шаралар жастардың білім алып, денсаулықтарын сақтау үшін қолжетімділіктерін қамтамасыз ету, білім алғаннан кейін жұмысқа орналасу, сондай-ақ әлеуметтік мәселелермен қатар жастардың қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуларына мүмкіндік бермек.

40-қа жуық мемлекеттен өкілдер келген форумды Қазақ­стан Парла­менті Мәжілісі, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Қоғамдық даму ми­нистр­лігі, Халықты қоныстан­дыру және дамыту жөніндегі Азия қауымдастығы, сондай-ақ БҰҰ-ның халықты қоныстандыру саласындағы қоры және Жапония үкіметінің қолдауымен ұйым­дастырған еді. Форум жұмысы Азия-Тынық мұхиты аймағынан Парламент өкілдері, халықаралық сарапшылар және ғалымдардың, мүд­де­лі мемлекеттік органдар мен аза­маттық қоғам және халық­ара­лық ұйымдар өкілдерінің, жас көш­бас­шылардың қатысуымен өтті.  

Осылайша, «Жастарға инвестиция» халықаралық конференциясында әлемнің 40-қа жуық елінен келген депутаттардың Қазақстанның 2019 жылды Жастар жылы деп жариялау туралы шешімін, бүкіл Азия елдерінің жастар мәселелерін шешуге және жастарды қолдауға деген ұмтылысын жоғары бағалады.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Massaget
Фото: egemen.kz
Қосылған күні: 14 ақпан, 17:15

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.