Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / «Жүз жаңа есім»: Жастардың жетістікке жетуінің сыры

«Жүз жаңа есім»: Жастардың жетістікке жетуінің сыры

 «Жүз жаңа есім»: Жастардың жетістікке жетуінің сыры

Бүгін Елордада Елбасы Н.Назарбаев «Жүз жаңа есім» жобасының екінші кезеңі жеңімпаздарымен жүздесті. Мемлекет басшысы Қазмедиа орталығында өткен жиында еліміздің әр түкпірінен келген жоба қатысушыларының жетістікке жету жолымен танысты. Жиынның ұйымдастырылуына 2019 жылдың "Жастар жылы" деп жариялануы да себеп болды.

Алғаш болып сахнаға көтерілген «Пифагор» компаниялар тобының жетекшісі Асан Жолдасов 10 жылда 10 мың баланы тәрбиелегенін атап өтті. Оқушы кезінен-ақ математикадан республикалық, халықаралық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған ол 19 жасында өз мектебін ашқан. 

«Бүгінде «Пифагор» үлкен компанияға айналды. Алматы, Астана және Тараз қаласындағы мектептерімізде 136 мұғалім жұмыс істейді, 1500 талантты бала білім алып жатыр», - дейді Асан Жолдасов. 

Асанның айтуынша, «Пифагор» мектебінің шәкірттері ел құрамасының жарты бөлігін құрайды. Көбісі халықаралық олимпиадаларда бас жүлдеге ие болып, әлемдік аренада ел намысын қорғап жүр.

Үшінші сыныпта оқып жүргенде трансформатордың тоғына түсіп, бір қолы мен бір аяғынан айырылған Ержанның өмір жолы мүлде бөлек. Тағдыр тәлкегіне түссе де мойымаған ол жүзуді үйреніп, биік белестерді бағындырған. Ержан бүгінгі таңда xалықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем кубогының төрт дүркін иегері, Азия ойындарының екі мәрте жеңімпазы атанған.

©primeminister.kz

«Спорт менің өмірімді түбегейлі өзгертті. Қайсар мінезімнің арқасында ешқандай қиыншылықтарға қарамай, алдыма майқсат қойып, күнде жаттықтым. Бүгінде үлкен жетістіктерге жетіп отырмын. Индонезия елі Жакарта қаласына өткен жазғы Параазия ойындарында қос алтын медаль еншіледім. 50 метрді 31 секундта бағындырсам, 100 метрді 1 минут 8 секундта бағындырдым. Бұл – менің жеке рекордым. Ендігі мақсатым - Токио Олимпиадасында чемпион атану», - дейді Ержан Сәлімгерев. 

Халықаралық фотожурналист әрі аналитик Назгүл Кенжетайдың жанкешті жұмысы, ізгілік аңсаған асқақ арманы көпшілік көңілін толқытты. 23 жасар қыздың әскери журналистика жолындағы батыл қадамдары шет елдерде жоғары бағаланып, үздік жобалардың қатарына қосылған.

Назгүлдің негізгі мақсаты – отансыздықтың не екенін көрсету, бейбітшіліктің қаншалықты бағалы екенін жеткізу. Әлемнің әр түкпірінде болып жатқан қақтығыстарды сөз еткен ол, Таяу Шығыстағы талқандалған тағдырларды да тілге тиек етті. 

«Студенттік кезден бастап осы мәселелерді жақынырақ зерттеуді қолға алдым. Адамзаттың басына келген бұл проблеманы зерттеу арқылы теңізде бір тамшы болсам да, әлемге, адамзатқа көмегім тисе екен деймін. Мен емес, мамандығым мені таңдады. Осылайша, жас маман үшін жауапкершілігі өте ауыр жолға шықтым. Осы жолда «Жәнатта азық көп пе?» деп сұраған сәбиді көрдім... Өзендей ағып, жоқ болып кеткен бір мемлекет көрдім... Босып кеткен xалықты көрдім... Байрағы жерде тапталған ел көрдім және сол байрағын қорғай алмаған ер көрдім... Осының бәрін көрдім де, қолымнан келгенше әлемге көрсетуге тырыстым. Мақсатым отансыздықтың не екенін көрсету еді», - деп ағынан жарылды Назгүл. 

Ал, дәрігер-репродуктор Алмаз Ибрагимов өміріндегі бір оқиғаның болашағына қалай әсер еткенін айтып берді. Оның айтуынша, Қарағанды медицина академиясын оқып жүрген кезде хирург болды армандаған. Алайда, соңғы курста жас отбасымен бірге пәтер жалдап тұрған кезі оның өмірінің басқа арнаға бұрылуына септігін тигізген. Нақтырақ айтқанда, үйленгендеріне 3 жыл болған жарасымды жас отбасы бала сүйе алмаған. Дәрігерлерге барып қанша рет тексеріліп, емделсе де балалы болу бақытына жете алмай-ақ қойған. Бұл жағдайдан кейін Алмаз жас отбасыға көмектесуді ойлап, бедеулік мәселесін зерттеуді қолға алады.

Тіпті, Сеченов атындағы Мәскеу медицина академиясына оқуға аттанып, күрделі саланың соңына түседі. Мәскеу академиясын бітіріп келгеннен соң «Экомед» атты бедеулікті емдеумен айналысатын арнайы клиникаға жұмысқа орналасады. Еуропа мен АҚШ-та білімін жетілдіріп, тәжірибесін толыстыра түседі. Осылайша, дәрігер-репродукторға айналады.

«Бүгінгі күні «Астана Экомедтегі» әріптестермен бірге 5 мыңнан астам сәбидің дүниеге кеуіне сеп болдық. Қазір күн сайын 1-2 бала өмірге келеді. Еліміздің аймақтарында 9 филиал жұмыс істейді. «Экомед» компаниясының арқасында 12 мың бала дүниеге келді», - дейді Алмаз. 

Жүз жаңа есімнің қатарына қосылған ақын Мақпал Мыса: «Біз Тәуелсіздік тудырған есімдерміз. Алаштың рухы болып қайнаған қара қазанның суы сарқылған жоқ. Бүгінде мен сияқты қалам тербеп жүрген жастар – сол қасиетті судың бір-бір мөлдір тамшысы» деп сөз бастап, шығармашылық жолына тоқталып өтті. 

Бүгінде ақынның өлеңдері әлемнің бірнеше тіліне аударылып, сол елдердің антологиялық жыр-жинақтарында жарық көрген. Өзі де өзге тілдегі өлеңдерді қазақ тіліне тәржімалаумен айналысады екен. 

Сондай-ақ ол ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры ұйымдастырған «Алтын тобылғы» республикалық байқауында Бас жүлдеге ие болған. 

«Мұның барлығы өзіңіз көшін бастаған қазақ жұртының қасиетті Тәуелсіздігінің арқасы деп білемін. Бүгінгідей адамзат баласының ақыл-ойы аламанға түскен заманды біздің әдебиетіміздің көркейіп, кемелденуі аса маңызды. Жан тазармай дүние тазармайды. Адамдар бір-бірінің қадіріне жетіп, бағалай білсе, жақсы көріп бақыт сыйласа. Өмір деген осы бір адами құндылықтардан тұрады», - дейді жас ақын. 

Жоба барысында ұйымдастырушы тарап ақыннан патриоттық тақырыпта өлең оқуын сұраған екен. Алайда ол Елбасының рұқсатын сұрай отырып, махаббат жайлы өлеңін оқып берді. Мақпал Мыса «Алыстама» деп аталатын өлеңін оқып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. 

Мемлекет басшысы сөйлеген сөзінде Қазақстанның мемлекеттілігі мен егемендігін нығайту жолында жастарымыздың әлеуетін пайдаланудың маңызды екенін атап өтті.  

©mygorod.kz

«Бәріңіз де – тәуелсіздіктің перзентісіздер. Біз – бабаларымыздың арманын жүзеге асырған ұрпақпыз. Енді сіздердің уақыттарыңыз келді. Мұны ұмытпауға тиіссіздер», – деді Елбасы. 

Елбасы жобаға қатысушылардың жетістіктеріне тоқталып, жастардың тұлғалық және кәсіби тұрғыдан өсуі үшін өз мүмкіндіктері мен уақытын тиімді пайдаланудың маңызды екенін атап өтті. 

Нұрсұлтан Әбішұлы түрлі саладағы жетістіктерге қатысты түрлі мысалдар келтіріп, елімізді дамыту ісіндегі белсенді жастардың рөліне тоқталды. 

Сонымен қатар «Жүз жаңа есім» жобасының алдағы уақытта жалғасын табатынын айта келіп, бұл жобаның мән-маңызын тілге тиек етті. 

Жиын соңында Нұрсұлтан Назарбаев жобаға қатысушылардың бәріне ризашылық білдіріп, Қазақстан жастарын елімізді одан әрі дамыту ісіне белсенді атсалысуға шақырды. 

Сонымен, "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпаздары тізімін назарларыңызға ұсынамыз (2018 ж.):         
1. Ларион Лян 
2. Асан Жолдасов 
3. Болат Сұлтанқұлов 
4. Чингиз Шашкин 
5. Айдос Сайлығараев 
6. Александр Пупенко 
7. Әлібек Әлмадиев 
8. Батыржан Смақов 
9. Алмаз Ибрагимов 
10. Иван Крепак 
11. Нурхат Жакиев 
12. Әлібек Ибраев 
13. Дәурен Әділбай 
14. Сухраб Жапаров 
15. Тамила Муридова 
16. Ердос Төлегенов 
17. Серік Нұркенов 
18. Мая Жұманбекова 
19. Әмір Қуат 
20. Мақпал Тажмағамбетова 
21. Мынжылқы Бердіқожаев 
22. Никита Амоскин 
23. Бахтияр Базарбеков 
24. Айдос Есмағамбетов 
25. Ғалым Нұрланов 
26. Ержан Сәлімгереев 
27. Анвара Садыкова 
28. Назгүл Кенжетай 
29. Евгений Чуриков 

0
Рейтинг: +3

Фото: akorda.kz
Қосылған күні: 14 ақпан, 16:29

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.