Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жастар жылында түрлі шаралар мен форумдарға 675 млн теңге жұмсалады

Жастар жылында түрлі шаралар мен форумдарға 675 млн теңге жұмсалады

Жастар жылында түрлі шаралар мен форумдарға 675 млн теңге жұмсалады

Жастар жылы аясында форумдар мен түрлі өзге шараларға бюджеттен 675 млн теңге бөлінді, деп хабарланды "Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасын бекіту туралы" ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 27 қаулысында

Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасына алты түрлі іс-шара енген. Оның біріншісі – 23 қаңтар күні Астанада өткен Жастар жылының ашылу салтанаты. Оның бастан-аяқ ұйымдастырылуына 250 млн теңге жұмсалды.

Келесі іс-шара – "ZEREN 2019" жастардың республикалық білім беру лагері. Ол шілде, тамыз айларында өтіп, 600-ден адам қатысады деп жоспарланып отыр. Қатысушыларға сертификаттар табысталмақ. Жастар лагеріне 200 млн теңге бөлінген.

Үшіншісі – қыркүйек айында Шымкент қаласында еңбекші жастардың форумын өткізу. Форумға 2 мыңнан аса адам қатысады, іс-шара бюджеті – 50 млн теңге. 

Тағы бір форум Қостанайда өтеді. Оған да 50 млн теңге жұмсалады. Қазақстан-Ресей жастар ынтымақтастығы форумы деп аталатын бұл іс-шара 2019 жылдың ІІ тоқсанында өтеді.

Қазақстан халқы ассамблеясы да жастарға арналған іс-шара ұйымдастырады. "Жастар синергиясы" деп аталатын форумға ел қазынасынан 25 млн теңге бөлінген екен. 

Төртінші кварталда Жастар жылының жабылуы шеңберінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес өтеді. Оған 100 млн теңге жұмсалмақ. 

Қаулыны іске асыру Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігіне тапсырылған. 

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған еді. Оның ашылу салтанаты 23 қаңтарда Астанадағы EXPO-2017 көрме орталығындағы "Нұр Әлем" павильонында өтті.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: qogam.gov.kz
Қосылған күні: 02 ақпан, 17:37

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.